- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS, THE, ARES сияқты ең беделді халықаралық рейтингтерге қатысады. Оның нәтижесі бойынша университет қазақстандық жоғары оқу орындары арасында талассыз көшбасшы болып табылады.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқу ордасының қабырғасында ұйымдастырылған жас ғалымдардың жетістіктеріне арналған инновациялық жобалар көрмесімен танысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ғылым күніне орай университеттің жетекші ғалымдарымен онлайн кездесті. ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызметін одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған жүздесу ғылым мен технологияның басым бағыттарын талқылауға арналды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде онлайн форматта өткен Ғылым қызметкерлері күніне арналған ғылыми кеңесте университеттің бірқатар ұстаздары Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, оқу орнының медальдарымен және ректордың Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында Ғылым қызметкерлері күніне орай Сиверс алма ағашының көшеттері отырғызылды. Игілікті шара экологиялық «ECOJER» қауымдастығы және «Alma Qala» азаматтық бастама қозғалысымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркінің жас мамандары Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институты мамандарымен бірге бетке арналған ALFASHIELD қорғаныс экранын әзірлеп шығарды.

Сіздерді 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев білім мен ғылымға ұдайы көңіл бөліп, отандық ғылымның дамуына қолайлы жағдай жасап келеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын еліміздегі ең ірі ғылыми форумға республикалық ЖОО-лар, институттар, ғылыми орталықтар мен алыс-жақын шетелдерден биыл 3 мыңнан астам жас ізденімпаз онлайн қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаевтың 9.04.2021 жылы "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақаласы: "Ғылымда даңғыл жол бар, ол – ізденіс пен білім жолы"
Бүгінгі таңда әлемдік экономика ерекше қарқынмен дамып, технологиялық тегеурінге, инновациялық ізденістерге, жаңа мүмкіндіктерге кең жол ашылуда. Осы орайда озық жетістіктерге қол жеткізіп, алдыңғы қатарлы елдермен терезе теңестіру үшін іргелі ғылымның алатын үлесі зор. Ал ғылым өндіріспен тығыз қарым-қатынас орнатқанда ғана нәтиже көрсетіп, жемісін береді. Сондықтан еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздіктің таңғы арайында «Ғасырлар тоғысында» атты сараптамалық еңбегінде елдің болашағы ғылымға тікелей тәуелді екенін баса айтып және алғашқы күннен ғылым мен өндірістің қатар дамуына жете көңіл бөлді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаев Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастырумен өткен «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: Есімнамалар энциклопедиясы» атты кітаптың тұсаукесеріне арналған халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.