- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көптеген шет елдермен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып, жемісті жұмыс істеп жатыр. ҚазҰУ 2009 жылдан бастап магистратураның бірқатар өзекті және сұранысқа ие мамандықтары бойынша қос диплом беріп, магистрлік білім беру бағдарламаларын іске асыруда.

Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің шетел тілдері кафедрасы Zoom платформасында магистранттарға арналған «Кәсіби дамуға бағытталған дағдыларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны онлайн режимінде өткізді. Алыс және жақын шетелдерден жиналған 70-тен астам жас зерттеушілер конференциясы идеялар мен ғылыми әзірлемелермен алмасу алаңына айналды. Бұл шараның айрықша ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін ағылшын тілінде ұсынды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы жаһандық хабында «Тұрақты дамудың мақсаттарын онжылдық жұмыс шеңберінде жүзеге асырудағы жастардың рөлі» атты болашақ көшбасшыларының ІІІ Саммиті өтті.

Белгілі қазақстандық бизнес-тренер Виолета Красавская әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «маркетинг» мамандығы студенттерімен «Маркетингке бюджетті қалай есептеу керек?» деген мастер-класс өткізді.

ҚазҰУ-дың «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» мамандығының студенттері мен магистранттарына арналған «Қазақстандағы шынайы маркетинг» атты шеберлік сағаты өтті.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық меморандумы аясында экология саласында маманданған журналистерге арналған дәріс өтті.

Көшбасшылықты дамыту жөніндегі халықаралық сарапшы, Корвинус Университетінің (Венгрия) менеджмент профессоры, PhD докторы Золтан Бузада халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үшін қызықты шеберлік-сағатын өткізді. Оның тақырыбы «Ағым» атты психикалық тәсілін пайдалану арқылы қызметкерлердің жұмысқа деген көзқарасын өзгертіп, мемлекеттің және ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне арналды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- да 51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция онлайн режимде бір уақытта ZOOM платформасындағы 13 түрлі аудиторияда өткізілді.
Наурыз мерекесі және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ағаш отырғызу» қайырымдылық акциясына қолдау білдіріп, 160-тан астам қырым қарағайы мен алтай шыршасын отырғызды.