- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-ның Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы және Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығы дүниежүзілік хинди күніне орай онлайн конференция өткізді, оған оқытушылар сонымен қатар шығыстану факультетінің үнді филиалының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Әлеуметтік желілерде және бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында ҚазҰУ басшылығы тарапынан университеттің жер учаскелері жеке тұлғаға сатылғандығы жөнінде ақпарат жарияланды. Бұған дейін университет осы мәселе бойынша жұртшылыққа өз ұстанымын ұсынды және қандай да бір заңсыз әрекетке қатысы жоқ екендігін ресми түрде жоққа шығарды.

ҚазҰУ профессоры, математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі Әлібек Исахов «Физика» пәні саласында «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards 2020» беделді сыйлығының «Жоғары дәйексөзді қазақстандық автор» номинациясын жеңіп алды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика – математика факультеті механика кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Нутпулла Қамалұлы Джамалов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай отандық ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың алғысына ие болды.

Журналистика факультеті ЮНЕСКО Халықаралық коммуникация даму бағдарламасы аясында (IPDC) Орталық Азия университеттеріндегі деректер журналистикасы бойынша оқу бағдарламаларын интеграциялау жобасын орындауда.

«Bilim-òrkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен республика көлемінде үздік студенттер байқауы болып өтті.

Кейінгі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға қатысты жеке тұлғалар тарапынан мақсатты түрде ақпараттық шабуыл жасалуда. Атап айтқанда, YouTube интернет-ресурсында белгісіз тұлға Рокки Балбо деген лақап атпен ҚазҰУ басшылығы университеттің жер учаскелерін жеке тұлғаға сатыпты-мыс деген видео хабарлама жариялаған. Содан кейін бұл материалды М.Казачков өзінің Telegram каналында тарата бастады. Осы тақырыпта блогер Б.Ж.Базарбек Facebook әлеуметтік желісінде пост жариялады. Осылайша, университет пен оның басшылығының беделін түсіруге бағытталған жағымсыз пікірлермен жағдайды мақсатты түрде ушықтыру белең алуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын «International Journal of Mathematics and Physics» «Web of Science»(Clarivate Analytics) беделді халықаралық деректер базасының платформасындағы «Emerging Sources Citation Index» дәйексөз индексіне енгізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Исламабадта (Пәкістан) өткен «Әл-Фарабидің Жаһандық форумы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, өтіп бара жатқан жыл көрнекті ғалым-ойшылдың 1150 жылдық мерейтойын аяқтайтын іс-шаралардың бірі болды.

Колумбия университеті (АҚШ) ұйымдастырған Дүниежүзілік Көшбасшылар Форумында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш «Ғаламшардың жағдайы» тақырыбында сөз сөйледі. БҰҰ-ның тұрақтылық жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабын басқаратын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ серіктес ретінде жоғары деңгейдегі онлайн кездесуге қатысуға шақырылды.