Жаңалықтар

Жаңалықтар


2-мау-23 «QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Құрметті оқырман!

«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №20 (1888) саны жарық көрді. Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:


1-мау-23 ҚазҰУ-да бейіндік мектеп түлектерінің соңғы қоңырау кеші өтті

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті бейіндік мектебі түлектерінің соңғы қоңырау кеші өтті.


1-мау-23 ҚазҰУ Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық балаларды қорғау күнін ерекше атап өтті. Игі шараны ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы және Дене тәрбиесі кафедрасы ұйымдастырды. Кәсіподақ төрағасы Талғат Мекебаев барлық балалар мен олардың ата-аналарын құттықтап, сөз сөйледі.


1-мау-23 ҚазҰУ Гданьск университетімен әріптестікті нығайтуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті мен Польшаның Гданьск университеті өкілдері онлайн жүздесті. Онда екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.


1-мау-23 ҚазҰУ ғалымдары Польша тарихшыларымен тәжірибе алмасуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің қауымдастырылған профессорлары Гүлбану Жүгенбаева мен Ақмарал Ысқақ Erasmus+ бағдарламасы аясында Польшаның Седльце жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар университетінде тағылымдамадан өтті.


1-мау-23 ҚазҰУ Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2023/24 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталды.


1-мау-23 «Ғылым Қоры» гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялайды

«Ғылым Қоры» АҚ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды.


1-мау-23 ҚазҰУ ғылыми жобалары Мәскеуде таныстырылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы, техника ғылымдарының докторы, PhD Данияр Исмаилов Мәскеудегі Сколковода өткен Startup Village 2023 конференциясына қатысты.


31-мам-23 ҚазҰУ мен ҚР ҰҒА ынтымақтастығы арта бермек

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьямен кездесу өткізді.


31-мам-23 ҚазҰУ-ға Ош мемлекеттік университетінің делегациясы келді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ректор Құдайберді Ғапаралыұлы Қожабеков бастаған Ош мемлекеттік университетінің делегациясы келді. Қонақтар Әл-Фараби мұражайын, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын, механика-математика факультетін және Экономика және бизнес жоғары мектебін аралады.