- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Құрметті достар! «Казак университетi» газетінің жаңа сандары шықты
Yш университеттің халықаралық ынтымақтастығы аясында Берлин жоғары техника мектебі, Қарағанды техникалық университеті өкілдерінің қатысуымен және ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен ZOOM алаңында онлайн-кездесу өтті.

ҚазҰУ жанындағы Әл-Фараби орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұлы ойшылдың 1150-жылдығына, оның шығармашылық мұрасын және қазіргі заманғы адамзат үшін маңыздылығын зерделеуге, сондай-ақ ғылымды дамытудың заманауи мәселелеріне арналған «Science Talks» форматындағы онлайн іс-шаралар сериясын өткізеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуға және топ-100 үздік ЖОО-ның жаһандық рейтингісіне енуді мақсат тұтады. Бұл ауқымды мақсатты ректор, академик Ғалым Мұтанов халық алдындағы жыл сайынғы есептік кездесу барысында айтты. Ол үшін инфрақұрылымды дамыту жалғастырылады, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарта отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бірқатар ірі халықаралық инновациялық жобалар іске асырылады.

Құрметті достар! «Казак университетi» газетінің жаңа сандары шықты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректор Ғалым Мұтановтың Қазақстандағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинемен екіжақты кездесуі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректор Ғалым Мұтанов пен Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджи мырзамен кездесу өтіп, жүздесу барысында тараптар ғылым және білім саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректор Ғ. Мұтанов пен Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Р. Шабановичтің кездесуі өтті, онда тараптар жоғары оқу орындары арасындағы алмасу бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгілі журналист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә.Ыдырысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Бұқаралық ақпарат құралдарын және баспа өнімдерін безендіру өнерінің қазіргі мәселелері» атты ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшінші рет постдок позицияларын иеленуге байқау өткізді. әл-Фараби ҚазҰУ-і өз қаражаты есебінен постдокторантура бағдарламасын іске қосқан Қазақстандағы алғашқы университет.