- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ислам қаржысы саласындағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін «Global Islamic Finance Awards 2020» (GIFA) беделді халықаралық марапатына ие болды. Жетекші қазақстандық жоғары оқу орны «Best Emerging Islamic Finance Education Provider» («Исламдық қаржыландыру бойынша білім беру қызметтерінің үздік дамушы провайдері») номинациясында үздік атанды. Марапатты тапсыру рәсімі Исламабад қаласында (Пәкістан) өтті.

Әбу Насыр Әл-Фарабидің ескерткіш тақтайшасы Хайфа қаласындағы оның есімімен аталған көшеде орнатылды. Іс-шара Израильдегі ҚР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары Елеке сазы алқабында, Тарбағатай (ШҚО) тау бөктерінде сақ қоғамы көсемінің ат шеруіне арналған алтын әшекейлер тауып, сенсациялық жаңалық ашты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде бағдарлау апталығынан басталды. Апталық барысында 100-ден астам онлайн кездесулер мен семинарлар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша да шаралар ұйымдастыралып өткізілді.

Қашықтықтан оқыту форматы ҚазҰУ өміріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Бірақ, бұл формат дәстүрлі мереке – Білім күнін атап өтуді жоймай, журналистика факультетінде студенттер мен оқытушылардың онлайн кездесуі өтті.

Биылғы жыл адамзаттың әлемді қабылдауы мен оған деген көзқарасын көп өзгертті.
Бұл карантин өмірдің барлық салаларына түзетулер енгізіп, біз басқаша жұмыс істеп,
оқып, спортпен айналысу мен демалу түрін де өзгерттік.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына сәйкес шілде-тамыз айларында толық оқу курсынан өткен студенттермен оқу жиындары өткізілді. Коронавирус пандемиясына байланысты жиын онлайн режимде өткізілуде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректораттың кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сөйлеген сөзінің негізгі тұжырымдарын талқылады. Мемлекет басшысы түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлыққа алып келетін жағдайларға сапалы талдау жүргізу қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы қызметтің тиімділігін бағалау анықталған пара фактілерінің санына емес, «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдері азайту және мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі кедергілерді жою бойынша қабылданатын шараларға негізделуі тиіс».

Қазақстанның мәдени, әдеби, сондай-ақ баспа өмірінде тұңғыш рет қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы, данышпан ойшылы және аса көрнекті дана тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған ақынның он томдық толық шығармалар жинағы жарықққа шықты. Жинаққа Абайдың шет тілдеріне аударылған өлеңдері мен қара сөздері кірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің отырысында білім беру процесінің ашықтығы мен айқындығын арттыру бойынша шаралар талқыланды. Отырыс барысында ҚР БҒМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және ЖОО-ның бизнес-үдерістерінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану мәселелері қаралды.