- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қазақстанда 10 тамызда алғаш рет Абай күні атап өтілуде. Қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және ағартушысының 175 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тақырыптық залдың тұсаукесері өтті.

Онлайн форматта өткен ректораттың кезекті отырысында оқу-әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелері, оның ішінде жазғы семестрдің қорытындылары, сондай-ақ магистратура мен докторантураға қабылдау талқыланды. Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе қарауға ұсынылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының кезекті отырысында магистратура және докторантура бағдарламаларына білім алушыларды қабылдауға байланысты мәселелер талқыланды. Докторантураның білім беру бағдарламаларына білім алушыларды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы оқу ісі жөніндегі проректор Асқар Хикметов баяндады.

БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабын басқарушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «мақсатқа жету үшін экологиялық таза қалалар және академиялық топтардың экономикалық шешімдері» атты халықаралық онлайн-конференцияға қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған іс-шараға UNEP (БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы) пен UNIDO-ның (өнеркәсіптік даму бойынша) белгілі сарапшылары мен әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық онлайн-вебинар аясында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі Араб кеңесі (АCSR) ұйымдастырған іс-шараға QS беделді рейтинг агенттігінің, Араб университеттері одағының және ACSR-ге мүше жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сингапур, Индонезия және Малайзиядағы ҚР Елшіліктерінің қолдауымен адамзаттың ұлы ойшылының 1150 жылдығына арналған «Әл-Фарабидің әлемдік өркениетке қосқан үлесі мен маңызы» атты халықаралық онлайн конференциясын өткізді. Іс-шара академиялық қауымдастықтың қызығушылығын тудырып, әлемнің 16 елінен 250-ден астам қатысушыны біріктірді. Оған Әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасымен айналыстатын жетекші ғалымдар мен зерттеушілер, оқытушылар мен студенттер, масс-медиа өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР-ның Ұлыбританиядағы Елшілігі және Оксфорд университетімен бірлесіп, «Әл-Фараби: оның өмірі мен мұрасы» атты адамзаттың ұлы ойшылының 1150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми симпозиум өткізді. Онлайн форматта өткен іс-шараға АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Қазақстан және басқа да елдердің танымал ғалымдары мен фарабитанушылары қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемге танымал «Times Higher Education» (THE) агенттігінің басшылығымен екі жақты онлайн-кездесу өткізді.

21 шілдеде сағат 15.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Әл-Фарабидің әлем өркениетіне қосқан үлесі мен маңызы» атты халықаралық онлайн-конференция өтеді. Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасының Сингапур, Малайзия және Индонезиядағы Елшіліктерінің қолдауымен өткізеді. Қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелулеріңіз қажет: https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_IIIk8EatThKVEXxOKfmGaw.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, Нұртөре Жүсіп инстаграм парақшасында (@journalism_kaznu) тікелей эфирде дәріс өткізді.