- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Университет ҚазҰУ-дың танымал түлектерінің есімдері кіретін «Bіzdіń elıta. Біздің элита» кітабының 4-ші томын шығаруға дайындалуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары мен қызметкерлері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Алатау Сити» жаңа тұрғын үй кешенінде пәтерлерге ие болды. Бақытты қоныстанушылар тұрғын үй мәселесін шешуге атсалысқан университет басшылығына алғыстарын білдірді.


30 маусымда Әл-Фараби орталығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасымен бірлесіп, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Әл-Машани көзімен жер қойнауының үйлесімі" тақырыбында онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндетін абыроймен орындап шықты. Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзі барлық қазақстандықтар үшін маңызды оқиға болды. Ел Президенті өз сөзінде экономиканың маңызды салаларын айқындайтын ғылым мен білімді реформалаудың маңызды бағыттарын атап өтті.

ҚазҰУ-дың әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік инжиринг орталығы «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобасының жүзеге асырылу тиімділігіне қатысты қоғамдық пікірді анықтау, қашықтықтан оқытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ пандемия жағдайындағы студенттер мен оқытушылардың әлеуметтік көңіл-күйін бағалау бойынша сауалнамалар жүргізді.

Ұлы ғұламаның 1150 жылдығына орай «әл-Фараби философиясына арналған Мәдениет, тіл және әдебиет контексті» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өтті. XXIII «Аханов оқулары» аясында өткен шараны жалпы тіл білімі және еуропалық тілдер кафедрасы ұйымдастырды. Семинарға Алматы, Тараз, Лондон және Стамбул қалаларынан арнайы мамандар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Түлектер қауымдастығы кеңесінің жыл сайынғы дәстүрлі отырысын 30 мамырында онлайн режимінде өткізді. Алыс және жақын шетелдерден келген серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері, ЭжБЖМ оқытушылары мен студенттері Zoom платформасында қауышып, Түлектер күніне белсенді қатысты. Түлектер қауымдастығы Кеңесінің мүшелерінің, ЭжБЖМ деканы э.ғ.д. доцент Римма Қалымбекқызы Сағиева және «Менеджмент» кафедрасының профессоры Жатканбаев Ержан Байғожаұлының құттықтау сөздерінен кейін қонақтар мен түлектер дәстүрлі түрде «Gaudeamus» студенттердің Халықаралық гимнін шырқады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті өзінің кәсіби мерекесі – химик күнін 30 мамырда 59-шы рет атап өтті. Дәстүрлі түрде бұл күні факультетті әр жылдары тәмәмдаған түлектері бас қосты. Бұл мереке әрдайым жылулыққа толы, себебі түлектер өздерінің шулы студенттік жылдарын, достарын, сүйікті оқытушыларын еске алады. Бұл дәстүр біздің университеттің басқа да факультеттерін қызықтырғаны кездейсоқ емес, 2011 жылдан бастап ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың бастамасымен мамыр айының соңғы сенбісінде бүкіл университет «Түлектер Күнін» атап өтуде.