- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауын өткізеді.

Қазақстанның ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Университеттің жүздеген мың студентінің дәрістері, семинарлары мен тәжірибелік сабақтары онлайн режимде өтуде. Карантин жағдайында ҚазҰУ-дың қашықтықтан оқытудың ұйымдастырылуын тексеру және тану мақсатында университетке «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі Қайыржан Токушев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Елнар Игиликов келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өтетін республикалық байқау сегіз жылдан бері бүкіл елді қамтитын елеулі алаңға айналды. Байқау жастардың патриотиоттық сезімін биікке көтеріп, азаматтық жауапкершілігін арттырып, интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық институтында ашылған «Антиэйнджинг» ғылыми-зерттеу орталығының (ҒЗО) үздік логотипі (эмблемасы) бойынша студенттер мен магистранттар арасында өткен байқау жеңімпаздары анықталды.
«QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша әлемнің ең үздік 100 ЖОО қатарына енді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық кластерінің студенттері оқытудың терең нейрондық желілерін пайдалануға негізделген Machine Vision бет тану және мониторинг жүйесін әзірледі. Қазіргі уақытта университет al-Farabi Smart University кампусы жанынан осы заманауи технологияны енгізу үдерісінде.

ҚазҰУ-дың магистранттары педагогикалық тәжірибелік жоспарына сәйкес тиісті мамандық пәндері бойынша студенттерге бірнеше дәрістер, семинарлар мен зертханалық сабақтар өткізді.

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) алдын алу және ескерту мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ озық сандық білім беру технологияларын қолдана отырып толығымен қашықтан білім беру жүйесіне көшті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ коронавирус инфекциясын (COVID-19) алдын алу және ескерту мақсатында тиісті шаралар қабылдауда. Қазіргі уақытта барлық іс-шаралар, ЖОО қызметкерлерінің жақын және алыс шетелдерге іссапарлары, академиялық алмасу, тағылымдама және шетелдік азаматтарды жұмысқа қабылдау және оқуға қабылдау тоқтатылды.

Журналистика факультетінде әл-Фарабидің 1150 жылдығы және «Хабар» агенттігі» АҚ 25 жылдығы аясында «Хабар» арнасының күндері басталды.