- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Орталық Азия мен Моңғолиядағы Google for Developers және Google for Startups үйлестірушісі Асқар Айтуовты қабылдады.

Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition ақпараттық - коммуникациялық технологиялар байқауының әлемдік финалының жеңімпаздары атанды. Олардың қатарында ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің 3-курс студенті Аида Бегайдарова бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Жібек жолы университеттері желісінің (SUN) бас хатшысы Хван Сундонмен кездесті.

Филология факультеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері академиялық күнтізбеге сәйкес, Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатта педагогикалық практикадан өтті.
Филология ғылымының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы – қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынында жемісті еңбек етіп келе жатқан көрнекті ғалым.

(22-26 мамыр, 2023 жыл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түлектер күні кең ауқымда аталып өтті. Салтанатты жиын Әл-Фараби атындағы Мәңгілік Ел қақпасынан басталды. ҚазҰУ түлектерінің әр жылғы буын өкілдері Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» академиялық курсының лекция-диалогы және тұсаукесері өтті. Шара барысында ҚазҰУ мен Қазақстан Республикасының Конституциялық соты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербор политехникалық университетінің делегациясын қабылдады.

«Ислам ынтымақтастығы ұйымы – 15 диалог платформасы» тақырыбында ұйым министрлерінің бірінші кездесуі аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының Ғылым және технология мәселелері жөніндегі орынбасары Асқар Мусиновпен кездесу өткізді. Жүздесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық бағытындағы мәселелерді талқылады.