- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы мен «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Аталған Меморандум негізінде Ұлттық аударма бюросында ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының филиалын ашу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды.

Шығыстану факультетінде Пәкістан Ислам Республикасының мемлекет хатшысы доктор Надим Шафик Маликпен кездесу өтті.

ҚазҰУ-да биология музейінің директоры Қылышбай Мұсабековтың «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биологиялық мұражайының омыртқалы жануарлар топтамасының каталогы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Үш тілде шыққан басылым мұражайдың бірегей коллекциялық қорын жүйелендіру бойынша көпжылдық жұмыстың нәтижесін қамтиды.

Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Бүкіләлемдік радио күніне және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті.

Жуырда органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы «Туберкулез және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да«Профессор О.А. Сұлтаньяевтің идеялары мен шешімдері: ономастика, уәлихантану, оқулықтану» атты ғылыми семинар өтті. Оны ҚазҰУ-дың орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы және «Дәуір және Тұлға» ғылыми-ағартушылық жобасының жетекшілері (ф.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, ҚХА ҒСК мүшесі М.А. Бөрібаева) ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Колумбия университеті жанындағы Жер Институтының тұрақты даму орталығының директоры, профессор Янис Бен Амор келді. MDP Global Class бағдарламасы аясында өткен сапар барысында профессор университет басшылығымен кездесіп, «денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел жұмысына қатысып, университеттің кампусын аралап шықты.

ҚазҰУ студенттері «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ» жобасы аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Білім ордасындағы жастар қоғамдық ұйымдарының мүшелері университетте білім алып жатқан әлеуметтік жағдайы төмен студенттерді Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына тегін апарды. Бұл бастаманы театр ұжымы да қолдай кетті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов Үндістанда халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл туралы Нойда қаласындағы Амитиуниверситетінде өткен «Өзгеріске шақыру: технологиялық қоғамдардағы бизнесті басқару стратегиясы» INBUSH ERA-2020 Бүкіләлемдік саммитінде айтылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Қазақ радиолары» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.