- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ғылым-технология жөніндегі тұрақты комитеттің (COMSTECH) директоры Мұхаммед Икбалмен кездесіп, әріптестік қатынастарды одан әрі арттыру бойынша пікір алмасты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ислам ынтымақтастығы ұйымы – 15 диалог платформасы» тақырыбында ұйым министрлерінің бірінші кездесуі өтті. Халықаралық мұсылман ұйымы бүгінде 57 елдің басын біріктіріп отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің бірінші кездесуі өтуде.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №19 (1887) саны жарық көрді. Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Иран Ислам Республикасының ғылым, зерттеу және технологиялар вице-министрі Вахид Хаддади-Асл мырза келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Корея Республикасына жұмыс сапары барысында Сеул кибер университеті мен Қазақ ұлттық университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Көшбасшы университетімізде білікті мамандар аз емес. Солардың арасында көпшілікке үлгі болатын өз ісінің майталмандары жетіп-артылады. Сондай кәсіби маманның бірегейі – биология және биотехнология факультеті Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұлағатты ұстазы, көрнекті ғалым, тек ботаника саласында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның білім беру ісінде де танымал, биология ғылымының кандидаты, доцент Әбибулла Әметов.

Дипломатияның және біздің ғылым мен білім тарихында өз есімін алтын әріппен жазып кеткен адамның бірі Төлеген Тәжібаев еді. 2020 жылы осы ұлы адамның 110 жылдық мерейтойын сол кездегі пандемияға байланысты ойдағыдай атап өте алмадық. Мемлекет қайраткері, психология ғылымының докторы, профессор, академик Т.Тәжібаев 1948-53 жылдары Қазақ университетінің ректоры болған еді. Ол сондай-ақ 1944-57 жылдары ҚазССР Сыртқы істер министрі лауазымды қызметін атқарды. Оның Қазақ еліне жасаған игілікті істері ұшан-теңіз десек, артық айтқандық емес.

(15-19 мамыр, 2023 жыл)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен және институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.