- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жастарымен әскери-патриоттық жұмысты күшейту және орта мектептерде бастапқы әскери-технологиялық даярлықты оқыту сапасын жақсарту туралы талаптарына сәйкес, 2019 жылы 17 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында Алматы қаласы Бостандық ауданы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директорларының орынбасарларымен және алғашқы әскери-технологиялық дайындық басшыларымен семинар-кеңес өткізілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркі дүниесі деректі фильмдер IV Халықаралық фестивалі қазақстандық бағдарламасының ашылуы өтті. Кинофестивальге Түркия, Қазақстан, Түркіменстан, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Венгрия, Македония, Кипр елдері жетекші серіктес-университеттерінің үздік жұмыстары қатысады. Фильмдер әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызды тақырыптарды, жастар тәрбиесін қамтиды.

Жылдағы дәстүр бойынша Қазақ ұлттық университеті 1 курс студенттерін ресми түрде студенттер қатарына қабылдады.

2019 жылдың 17-18 қазан күндері Алматыда Түркі әлемі деректі фильмдері IV Халықаралық фестивалінің қазақстандық бағдарламасы өтеді. Іс-шараны Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қолдауымен Түркі әлемі журналистері Федерациясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінде интернационализация және коммерциализация бойынша проректор Мехмет Арсланның қатысуымен Польшаның оннан астам жетекші университетімен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да #Erasmus Days2019 хэштегімен әлемдік ауқымдағы іс-шараны қолдауға арналған «Erasmus Day» өтті.

Орталық Азия және ТМД-ның жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен әріптестік байланысты кеңейту мақсатында Чехия Республикасы Химия және технология университетінің делегациясы ҚазҰУ-ға келді.
Кампус-тур аясында Қырымбек Көшербаев университет мұражайына, Жағдаяттық басқару орталығына, Бизнес-құзыреттілікті дамыту кластеріне, «Керемет» СҚКО-ға, ІТ-Технопаркіне барды, жас ғалымдардың «жасыл энергетика» бойынша инновациялық жұмыстарымен және бірегей студенттік старт-аптарымен танысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да КИОТО технологиялық институтының өкілдерімен кездесу өтті. Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға төрт жыл бұрын қол қойылды және бүгінгі күні студенттік тағылымдамалар мен ғылыми алмасулардың жаңа бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алматы жастарымен кездесуі өтті.