- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қытайға жұмыс сапары барысында Сиань Цзяотун университетінің президенті Ван Шугомен кездеcті.

Көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Кемел қаламгер» атты республикалық шығармашылық байқауы жарияланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні аясында «Әлем музейлері – әлем кереметі» тақырыбында іс-шара өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған делегация құрамында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында CCTV (China Central Television) мемлекеттік телеарнасына арнайы сұхбат берді. Ректор университет жетістіктерін таныстырып, ҚазҰУ-да Солтүстік-батыс политехникалық университеті (ҚХР) филиалының ашылатыны жөнінде мәлімдеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Қытайға жұмыс сапары барысында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің ректоры Сун Баовэймен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағытындағы мәселелерді талқылады.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №18 (1886) саны жарық көрді. Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:

Қазақстанг Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ҚазҰУ-да ашу жөнінде келісілді.

Шығарылған өнімнің де, көрсетілген қызметтің де сапасы әлемдік стандарт талаптарына сай болуы қажет. Мәселен, болашақ білікті мамандардың негізі жоғары оқу орындарында қаланатыны баршаға аян. Сондықтан сапа мәселесін ЖОО-да білім алып жатқан жастардың санасына сіңіру күн тәртібінен түспеуі тиіс. Себебі сапа мықты болу үшін сапалы маман даярлау қоғам алдындағы өзекті мәселе екені жасырын емес.

Әдебиет сыншысы, публицист, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигi, ҚР еңбегi сiңген қайраткер, Бiлiм беру iсiнiң құрметті қызметкері, еліміздің ғылымы мен технологиясының дамуына қосқан зор үлесі үшін тағайындалатын мемлекеттiк стипендия иегерi, Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының құрметтi азаматы Мырзатай Серғалиев, көзі тірі болғанда, биыл 85 жасқа толар еді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алдағы 2023-2024 оқу жылына арналған профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына құжаттарды қабылдауды жалғастыруда.