- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің Бизнес-технологиялар кафедрасы «Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының бірінші курс студенттеріне көшбасшылық тақырыбында дәріс өткізді.

Амманда (Иордан) Әл-Фараби үйі ашылады. Бұндай келісміге ҚазҰУ-дың интернационализациялау және коммерциялау жөніндегі проректоры Мехмет Арслан мен Иордания мемлекеттің университетінің президенті Абдель-Карим әл-Кудахпен кездесуі барысында қол жеткізілді.

Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі «білім – болашақ жетістіктің ең іргелі факторы» деген түсінік екенін атап өтті. Университеттер адами капиталды қалыптастырудың маңызды субъектілері ретінде рухани-адамгершілік тәрбиеге баса назар аудара отырып, озық технологиялар негізінде білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етуі тиіс.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да медицина саласындағы жаңа білім беру бағдарламалары мен технологияларын трансферттеу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Канаданың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николас Брюссо, ҚР-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин және канадалық МакГилл университетінің делегациясы келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Inverse Problems in Finance, Economics and Life Sciences» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары энергия физикасы және жылдамдату техникасы бойынша «Introduction to High Energy and Accelerator Physics» халықаралық жазғы мектебі өтті. Оның жұмысына АҚШ, РФ, Әзірбайжан, Армения, Өзбекстаннан келген ядролық физика саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа ғимаратында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараны Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігімен, БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюросы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесе отырып ұйымдастырған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов пен Конджу Ұлттық университетінің президенті Сунг Су Вон мырзамен өткен іскерлік кездесу аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының негізгі ойларын іске асыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дели қаласында әл-Фараби үйін ашты. ҚазҰУ бұл жобаны Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды.