- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің үндітану бөлімі оқытушылары ҚР Үндістан Елшілігі және Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Үндістандағы Кендрия Хинди Санстхан институтында екі апталық кәсіби біліктілікті арттыру курсын өту мүмкіндігін алды.

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны болып табылатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қытай серіктестерімен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуде. ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов бастаған делегацияның Пекин қаласына жұмыс сапары барысында белгілі жоғары технологиялық компаниялардың өкілдерімен кездесулер өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында 19-23 тамыз аралығында параллельді компьютерлік технологиялар (Parallel Computing Technologies) PaCT 2019 бойынша 15-ші халықаралық конференция өтуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирантану бөлімі мен Саади қоры (ИИР) және ИИР-дың ҚР-дағы Елшілігі Мәдени өкілдігінің (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) ұйымдастыруымен Қазақстандағы парсы тілі мен әдебиеті оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өз жұмысын бастады.
Әлемдегі ең ірі Пекин халықаралық кітап көрмесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудің математикалық әдістері мен модельдері» атты кітабының қытай тілінде тұсау кесері өтті. Монография Жэньминь университетіндегі ҚХР-дің жетекші баспасында жарық көрді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Еуропа және Азия саяси мүдделері тоғысындағы Орталық Азияның орны XVIII – XIX ғғ.» атты халықаралық ғылыми семинар өз жұмысын бастады.

ҚазҰУ Жастар жылына арналған «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» атты жас ғалымдардың халықаралық форумына қатысты. Үшінші рет өтіп жатқан Форумның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры болып табылады.

Түркия мен Әзірбайжаннан келген ғалымдар мен студенттер «Қорқыт атаның ұмыт қалған сөздерін жаңғырту» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болып қайтты.

Халықаралық кітапқұмарлар күніне орай «Қазақ университеті» баспа үйі оқырмандарға өз бестселлерлері мен оқу әдебиетін ұсынады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық жастар күнін атап өтуде.