- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
09.08.2019
Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер тегін кеңес береді
Оңтүстік Кореяның дәрігерлері Алматы қаласының тұрғындары мен ҚазҰУ қызметкерлері үшін қайырымдылық акциясын өткізуде.
08.08.2019
ҚазҰУ грант бойынша көшбасшы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқу гранттарының саны бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып қала береді. Биыл 5,7 мыңнан астам үздік мектеп түлектері ҚазҰУ-ды таңдап, мемлекеттік білім грантына ие болды. Олардың басым бөлігі «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.
07.08.2019
INESS жиыны өтуде
ҚазҰУ-да Назарбаев Университеті, «National Laboratory Astana» ЖМ және «Аккумулятор институты» ЖШС-нің бірлесе ұйымдастыруымен «Наноматериалдар мен дамыған энергия сақтау жүйелері» (INESS-2019) бойынша 7-ші халықаралық конференция өтуде.
2019 жылдың 19-30 тамызы аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бірінші курс студенттеріне арналған бағдар беру апталығы өтеді.
06.08.2019
Жуырда жатахана беріле бастайды
Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚазҰУ студенттерді жатаханаға орналастыруға дайындықты бастап кетті.
Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы негізгі мақсат-міндеттерді жүзеге асыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда Әл-Фараби музей-үйін ашты. Жобаны ҚазҰУ Ыстамбұл қалалық әкімдігімен бірлесе отырып, Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ және Түркиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды.
01.08.2019
ҚазҰУ Кампусы абаттандырылуда
ҚазҰУ-да студенттік қалашықтың аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 18 мың ш. м. жолдың асфальты жаңартылды, 2 мың ш. м. жаяу жүргіншілер тротуары түрлі-түсті брусчаткамен төселді. Биылғы жылы жасыл желектерді отырғызуға және гүлзарларды бөлуге көп көңіл бөлінді. Ландшафтық дизайн бойынша жұмыстар 97 пайызға аяқталды.
01.08.2019
Мектепке жол
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қолдау көрсетіп, болашақ бірінші сынып оқушыларына сөмкелер мен мектепке қажетті керек-жарақтар табыс етті.
31.07.2019
Жас ғалымдар қатары толықты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында жас ғалымдар өз жұмыстарын қорғады.
30.07.2019
Қос дипломдықтар марапатталды
ҚазҰУ-да «Europe and Asia: Cultural Diplomacy and Geopolitics of the EU» бірлескен магистрлік бағдарламаның алғашқы түлектеріне Кл. Охридский атындағы София университінің (Болгария) дипломдары табысталды.