- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ыстамбұл университетімен бірлесе отырып, ІІІ Халықаралық «Еуразияның ғылым мен техника пионерлері» симпозиумы Ыстамбұл Еуразиялық қолданбалы және ғылыми-зерттеу Фараби Орталығында өз жұмысын бастады (FAMER).

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Будапештегі гран-при турнирінде алтын алды.

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза бастаған ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиеті өте жақсы қабылдады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Мухаммад Али Джинна атындағы орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шара шығыстану факультетінде Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Цукуба университеті (Жапония) «Кампустағы Кампус» жобасы аясында ынтымақтастықты кеңейтуде. Мұндай келісімге ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов жапондық ЖОО делегациясын бастап келген вице-президент Каролина Бентонмен кездесуі барысында айтылды.
Қазақстанда алғаш рет қос диплом бағдарламасы бойынша Италиядан келген жастар - әлемнің беделді университеттерінің бірі - La Sapienza Universita di Roma-ҚазҰУ-дың екі жылдық магистратурасын аяқтады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультетінде Олжас Омарханұлы Сүлейменовтің «Этимологияға кіріспе» еңбегінің тұсаукесері рәсімі өтті.

2019 жылғы 10 – 14 маусым аралығы кезеңінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ядролық физика институтының базасында Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігімен бірлесе отырып, атом өнеркәсібі қызметкерлеріне арналған «Environment radioactivity monitoring-2019» біліктілікті арттыру курстары өтті.

ҚазҰУ-да «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сөмкеңді мектепке дайында» салтанатты акциясы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен МакГилл университеті (Канада) медицина саласындағы ынтымақтастық және бірлескен нейрореабилитациялық орталықты құру туралы меморандумға қол қойды.