- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазіргі халықаралық қатынастар және дипломатия: Қазақстан Республикасының рөлі мен орны» атты халықаралық қатынастар саласы мамандарының І форумы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары аясында Қырғыз Республикасының тұңғыш президенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті профессоры, Ресей Ғылым академиясының академигі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Ақаев Процестік инновациялар орталығының жұмысымен танысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Үндістанның Бомбей технологиялық институтының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Кездесуде ағымдағы жобалар қарастырылып, стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланды.

Қырғыз Республикасының Тұңғыш Президенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті профессоры, Ресей Ғылым академиясының академигі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Ақаев «БРИКС елдерінің даму қарқынын жаңа әлемдік тәртіп негізі ретінде болжау модельдері» тақырыбында кездесу-дәріс дәріс оқыды.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №17 (1885) саны жарық көрді. Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:

(8-12 мамыр, 2023 жыл)

Кезекті Ғылыми кеңесте білім беру бағдарламаларына білім алушыларды сапалы қабылдау және университет қызметкерлері үшін тұрғын үй салу мәселелері талқыланды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Farabi Business School басшылығының өкілдері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Dubai International Academic City қалашығына барып, қалашық өкілдерімен кездесті.

КеАҚ «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы №199 «2023 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған орындардың санын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес игерілген білім беру оқу бағдарламаларын кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып, академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде бір семестрге оқыту үшін байқау жариялайды.

Алматыда Қазақстан оқу-ағарту саласының жарқын ғұламасы, еліміздің руханияты мен мәдениетіне зор үлес қосқан көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Шамғали Сарыбаевтың туғанына 130 жыл толуына орай, арнайы іс-шара ұйымдастырылды.