- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне ҚР БҒМ жариялаған академиялық ұтқырлық байқауының жеңімпаздары атанды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетіне Францияның Нанси университетінің профессоры Оливьер Ботелла іс сапармен келді.

Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық кеңес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да табысты жүзеге асырылып жатқан «Флагман» (Language Flagship) бағдарламасын кеңейтуге ниетті. Мұндай ұсынысты Америка делегациясын бастап келген халықаралық білім беру жөніндегі Америка кеңесінің құрметті президенті Дэн Дэвидсон ҚазҰУ басшылығымен кездесуі кезінде айтты.

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінде Қазақстан Республикасының индустриалдық - инновациялық дамуы Мемлекеттік мамандарды даярлау жобасы аясында дайындалған магистратура деңгейі бойынша білім беру бағдарламасын аяқтаған магистранттарға салтанатты түрде диплом тапсырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрада «Әскери журналистика» мамандығы бойынша оқитын студенттер Отан Қорғаушы Күні қарсаңында, Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, қолкүрес, бокс шебері, әлем кубогының иегері, Азияның абсолютті чемпионы Ардақ Назаровпен кездесуге қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласы сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова және Алматы қаласы сайлау комиссиясының Бостандық ауданы бойынша төрайым орынбасары Гүлнар Иманқұлова университет жастарымен кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика кафедрасының оқытушылары мен студенттері де белсене қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Nur Otan партиясының Мемлекет басшылығына үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бекіту жөніндегі шешіміне пікір білдірді.

Алматыда ҚР СІМ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ИЫҰ Бас хатшылығының бірлесе ұйымдастыруымен «Исламды жақындастыру бойынша бастама: ИЫҰ-ға мүше-мемлекеттердегі бейбітшілік пен қақтығыстарды реттеу жөніндегі перспективалар» атты екі күндік халықаралық семинар өтті.

Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері мен докторанттарына 15 млн теңгеден астам соманы құрайтын шәкіртақы табысталды.