- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Мысыр Араб Республикасының уақытша сенімді өкілі Абдельхамид Хани Абдельхамид Эльрафимен кездесу барысында қос университет арасындағы болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өзара пікір алмасқан тараптар Қазақстан мен Мысыр Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы өзара тиімді бағыттарды кеңейтуге тілек білдірді.
Тарих, археология және этнология факультетінде Ғаббас Жұматұлы Жұматовтың атындағы аудиторияның салтанаты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті ардагер-оқытушылары т.ғ.к., профессор У.Х. Шалекенов, т.ғ.д., профессор А.Қ. Құсайынов, т.ғ.д., профессор Т.Қ. Қаратаев, т.ғ.д., профессор С.М. Мәшімбаев, т.ғ.д., профессор Қ.Т. Жұмағұлов, т.ғ.д., профессор М.В. Пузиков, Алматы қаласы, Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Б. Біржанов, соғыс ардагері Т.А. Максимова, тарих, археология және этнология факультетінің деканы М.С.Ноғайбаева, Қазақстан кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Б.Б.Карибаев және факультеттің оқытушы-професорлары қатысты.

Биология және биотехнология факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор Болатхан Заяданның шақыруымен биотехнология кафедрасында Карадениз техникалық университетінің профессоры Демирбаг Зихни (Түркия) докторанттар мен жас ғалымдарға дәріс оқыды.

15-16 сәуір аралығында Павлодар қаласы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша Респубикалық пәндік олимпиада өтуде. Бұл шара биыл XI рет ұйымдастырылып отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың отандық білім беру бренді ретінде анықтайтын басты көрсеткіш - бұл түлектердің жоғары сұранысқа ие болуы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ біздің замандастарымыздың кәсіби жетістіктерін насихаттау мақсатында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде алғаш рет үш томдық "Bіzdіń elıta – Наша элита" атты кітабын жарыққа шығарды. Жобада Ұлы тұлғалар туралы 671 қысқаша очерк келтірілген.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мейрамын зор ықыласпен атап өтті! Дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдерімен бірге алма бағы отырғызылды. Ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдық және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелеріне арналды.

ҚазҰУ-да VI Халықаралық Фараби оқулары аясында ҚазҰУ-дың 85 жылдығына және Экономика және бизнес жоғары мектебінің 70 жылдығына арналған «Қазақстан мультиполярлы әлемде: экономикалық сценарийлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Механика-математика факультетінде механика пәндері бойынша XI Республикалық студенттік олимпиада өтті.

ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов атындағы кубок үшін III «Сарбаз» әскери-патриоттық ойыны өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының 24 магистранты Берлин техникалық университетінде (Берлин, Германия) «Халықаралық ғарыш мектебі» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті.