- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінгің заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы 2018 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан рухы - Тәуелсіздіктің туы» атты плакаттардың республикалық конкурсының қорытындысын шығарды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің «Студенттердің ғылымы қоғамы» ұйымы мен «Жас Орда» үйірмесінің ұйымдастыруымен Алашорда үкіметінің 101 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Алаш туы астында: Алашорда. Желтоқсан. Тәуелсіздік» атты ғылыми-шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

ҚазҰУ-да «БҰҰ Адам құқығы жалпыға ортақ декларациясының» 70 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Астанада «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен ұлттық байқаудың ақтық мәресінде әр өңірлерден келген 12 үміткер бақ сынасты.

ҚазҰУ проректоры Асқар Хикметов малайзиялық «Amanie Advisors» консалтингтік компаниясы мен Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдерімен кездесу өткізді.

Археология, этнология және музеология кафедрасы ҚазҰУ мұражайымен бірлесе "Музей түні" шарасын атап өтті.

ҚазҰУ-да Ұлы Жібек жолына арналған «Ұлы Жібек жолының картографиясы: аналогтық картадан электронды картаға дейін» атты халықаралық конференция өтті.

Алматыда «Жаңа дәуірдегі жаңа медиа» атты студенттік жобалардың халықаралық байқауы өтті. Оған журналистика, қоғаммен байланыс, баспа қызметі мамандықтарының I-IV курс студенттері қатысты.
Италияның президенті Серджо Маттарелла әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Ермек Чукубаевты «Италия жұлдызы» орденімен марапаттады.

Кореядағы Индже университетінің профессоры Кан Шин-Пе және Испанияның Комплутенс университетінің (OSS) профессоры Лопес-Варела Асунсион Азия қоғамдастығының халықаралық бағдарламасына шақыртылытып, Жапониядағы Азиялық қордың қолдауымен 21 желтоқсанда «Біз бірміз» тақырыбымен және 5 желтоқсанда «Азия қоғамдастығындағы мәдениетаралық қарым-қатынас және семиотика» тақырыбында дәрісті Қиыр Шығыс факультетінің студенттеріне оқыды.