- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Түркістан қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Алаш үміті» ІІ республикалық рухани жаңғыру фестивалі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінде «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның жылдық шәкіртақыны табыстау салтанаты өтті. Онда шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің GPA-ы жоғары және аз қамтылған отбасыдан шыққан жеті студент 800 мың теңгеге жуық шәкіртақы алды.

2018 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанның ашық білім беру ұлттық платформасында - Open Master Class жаңа интернет жобасын іске қосты.

2018 жылдың 5 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылғанына 27 жыл толуына орай Алматы қ. Мемлекеттік кірістер департаменті және заң факультетінің командалары арасында футболдан достық кездесу өткізді.

Биология және биотехнология факультетінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Сулейман Ифхан оглы Аллахвердиев және Токио ғылыми университетінің жаратылыстану ғылымы факультетінің профессоры Tatsuya Tomo-ның қатысуымен «Фототрофты микроорганизмдер негізіндегі биоэнергетика» атты халықаралық ғылыми семинар өтті.

ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен «Коммуникация және медиа: тұрақты даму стратегиясы» атты V халықаралық дәстүрлі күзгі РR мектебі өтті.

Лилль университеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұсынды. Мұндай қызығушылық Лилль университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Франсуа-Оливье Сейстің ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевпен кездесуі барысында айтылды.

Ғылым мен практиканың әр түрлі гуманитарлық бағыттары тұрғысынан білім беру сапасын басқару мәселелерін зерттейтін ғалымдар мен магистранттардың күш-жігерін біріктіру мақсатында 2018 жылдың 7 желтоқсанында ҚазҰУ-дың Жағдаяттық басқару орталығында «Al-Farabi university – smart city» ғылыми-зерттеу және инновациялық жобасының шеңберінде «Жоғары білім сапасын басқарудағы инновациялар» тақырыбында пікірталас алаңы ұйымдастырылды.
Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Самал Кадикова Токио қаласындағы Халықаралық жапон тілі институтында тағылымдамадан өтті. Онда ол әлемнің түпкір-түпірінен келген сегіз жеңімпаз-стипендиаттар қатысқан бес апталық "Training Program for Teachers of the Japanese Language on a Specific Theme" атты бағдарламаға қатысты.

ҚазҰУ-да ХХ ғасыр басындағы Әзербайжан Республикасының көрнекті тұлғасы, ақын, драматург Хусеин Жәуидтің қазақ тіліндегі өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі болып өтті.