- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс студенті Республикалық "Коре Ильбо" атты корей газетінің құрамына қабылданды.

ҚазҰУ-да Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Шыңғыс Айтматов Әлемі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Франция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті, ал басым бағыт аэрокосмонавтика саласы болады. Бұл туралы Франция-Қазақстан достық тобының төрағасы Пьер Кабарэ мырза университет басшылығымен кездесу барысында мәлімдеді.

Жуырда шет тілдер кафедрасы жанынан ашылған “Yes I can” клубының 1-ші отырысы өтті. Клубтың басты мақсаты- студенттердің өз қабілеттеріне, талантына және мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру арқылы, ағылшын тілін жақсы меңгеруге көмектесу.

Илон Масктың «SpaceX» компаниясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жасалған қазақстандық «Аl-Farabi-2» наноспутнигін іске қосты.

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының профессоры Ғабдуллин Маратбек «Жыл адамы – Алтын Адам» номинациясымен марапатталды.

Чонджу қаласындағы, Чонбук Ұлттық Университетінің (Корея Республикасы) қабырғасында Олжас Сүлейменовтің қазақ поэзиясы шырқалды. ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Чонджу қаласындағы Чонбук Ұлттық университетіне шақырылып, халықаралық Корей зерттеулеріне арналған «ХХІ ғасырдағы корейлік зерттеулердегі серпілістер мен сын-ескертпелер» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Желтоқсанның 1 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Саясаттанушы» пікірталас клубының ұйымдастыруымен «Жүз кітап» жобасының аясында кездесу өтті. Қалалық кафелердің бірінде өткен өткен аталмыш шарада әдеби сауалнама ретінде ойындар жүргізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті

Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелланың жарлығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Ordine al merito della Repubblica Italiana» орденімен марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің магистранттары Қытай Халық Республикасының Гуанжоу қаласындағы Гуандун политехникалық индустрия және коммерция университетінде алғаш рет өткен Халықаралық Олимпиадада 2-орын алды. Бұл конференцияда Орталық Азиядан 9 мемлекеттің студенттері қатысты.