- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры Мансұров Зұлхаир «Наноғылым мен нанотехнеологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін» ЮНЕСКО-ның медаліне ие болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде гендерлік теңдік және әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның бас директоры Антониу Гутерриштің бастамаларын қолдау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының студенттік шәкіртақысын іріктеуге арналған республикалық байқаудың жеңімпаздары қатарында ҚазҰУ студенттері бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен «Бизнесмены» атты фильмнің түсірілім тобымен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында Қазақстандағы Жапония елшілігінің экономика және экономикалық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ишибики Юкио мырзаның Жапонияның экономикалық даму үрдісі жайлы арнайы дәрісі өтті.

2018 жылдың 24 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында «Journal Club» ғылыми клубының көптен күткен кездесуі өтті. Ғылыми мақалаларды талдау ғалымдардың ең маңызды бөлігі болып табылады

2018 жылдың 12-ші 23-ші қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының жылсайын өткізетін сафариға қатысты.

2018 жылдың 23 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында профессорлық-оқытушы құраммен және оқу-көмекші қызметкерлермен Ел басының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау өткізілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасында 2018 жылдың 19 қарашасыңда «Алматы каласының экологиялық проблемалары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранттары қатысты.

Биология және биотехнология факультетінің деканы профессор Болатхан Заяданның шақыртуымен соңғы үш жылда қатарынан «Биология» номинациясы бойынша, Web of Science дерекқорын құрушы Clarivate Analytics компаниясының сыйлық иегері, Ресей ғалымы Сүлейман Ифхан биотехнология кафедрасында докторанттар мен жас ғалымдарға дәріс оқуда.