- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да табысты жүзеге асып жатқан «Al-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасының жұмыс барысымен танысып, ҚазҰУ аумағындағы соңғы технологиялармен жабдықталған орталықтарды аралады.
16.11.2018
Білім саласында жемқорлықты болдырмау
ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдардың 1 кезеңінің таныстырылымы өтті.
15.11.2018
Адамзатқа асқан мейірімділікпен
Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында халықаралық студент жастар күні қарсаңында «Жан жылуы» атты ән-жыр кеші өтті.
15.11.2018
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Scopus Award 2018» сыйлығына ие болды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Scopus» халықаралық дерекқорына кіретін жоғары рейтингілік журналдарда жарияланған мақалалар саны бойынша Қазақстанда көшбасшы болып танылды.
Ел Президентінің әлеуметтік жауапкершілік және қайырымдылық таныту үндеуі бизнес және түрлі мекемелер өкілдері ортасында қызу қолдауға ие болып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер мен жас ғалымдарды қолдау үшін демеушілерді тарту үрдісі жақсы дәстүрге айналды. Тек соңғы үш жылдың өзінде ҚазҰУ түлектері, университеттің жұмыс берушілері мен серіктестері, қазақстандық және шетелдік компаниялар студенттерге 350 миллион теңгеден астам қаржылай қолдау көрсетті.
14.11.2018
Студенттер диктант жазды
ҚазҰУ-да алғаш рет республикалық деңгейдегі жалпыхалықтық диктант өтті.
13.11.2018
Гендерлік теңдік тақырыбындағы тренинг
ҚазҰУ оқытушылары Қазақстанның 15 факультеті мен кафедраларының өкілдеріне гендерлік теңдік жөнінде тренинг өткізді.
12.11.2018
PhD - докторант жеңімпаз атанды
Биология және биотехнология факультетінің 2 курс PhD-докторанты Нұркенов Төленді «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А деңгейіндегі гранттық бағдарламалар» гранттық бағдарламасының жеңімпазы атанды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ИЫҰ Бас хатшылығы, ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбына арналған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттер дипломаттарының бағдарлық бағдарламасы өтуде.
Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында дәстүрлі «Ана тілі аруы» «Жігіт сұлтаны» - 2018 байқауы өз мәресіне жетті.