- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Таяу Шығыс Оңтүстік Азия кафедрасы парсы бөлімінің жетекшілігімен тарих факультетінде Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы мәдени орталықтың жетекшісі Масуд Шейхзейнаддинмен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Кочи Университетінің (Жапония) профессоры Иноуэ мырза Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері мен магистранттарына арнап ашық дәріс өткізді.

Британдық "Times Higher Education" (THE) агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "THE World University Rankings-2019" әлемнің үздік ЖОО-лары 801-1000 тобына енген Орталық Азия университеттері арасындағы бірінші әрі жалғыз білім ордасы. Бұл рейтинг тізімінде 86 елден барлығы 1250 университет бар.

ҚазҰУ-да «Климаттың өзгеруі мен биоалуанүрліліктің төмендеуі жағдайындағы биосфералық резерваттар» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жаңа оқу жылының жарқын оқиғасы бірінші курс студенттерін Студенттік қатарға қабылдау салтанатты шарасы өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің жетекші ЖОО-лары қатарына енуді көздеуде. Мұндай университеттер өз елінің, сондай-ақ бүкіл аймақтардың дамуын айқындап, жетекші экономикалардың негізгі салалары мен бағыттарын мамандармен қамтамасыз етеді, - деп атап өтті университет ректоры Ғалым Мұтанов халық алдындағы есептік кездесуінде.

Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, атақты Брест қамалын қорғаушылардың бірі, тарихшы - ғалым, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ардагері Ғаббас Жұматовтың 100 жылдығын атап өту мақсатында, «Ғасыр жасаған тұлға: ғалым, ұстаз, батыр» атты еске алу жиыны өтті.

Қыркүйектің 21- жұлдызында ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында "Тарих - тамыр, тіл - тұғыр" атты тілдер мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Жапондық ядролық медицина қауымдастығының төрағасы Джун Хатазава әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ядролық медицина орталығын құруды ұсынды. Бұл туралы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевпен болған кездесуде айтылды.

Ағымдағы жылдың 20-22 қыркүйегі аралығында Tsukuba International Congress орталығында «Driving Sustainable Development» тақырыбында өткен шараға Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары Ниномия Такаши мен Ем Наталия қатысып қайтты.