- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан-2050-Инновация және академиялық артықшылық бойынша Ұлттық рейтингісінің» көпсалалы университет санаты бойынша 1 орын иеленді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев Рас-ал Хайма әмірлігінен келген Шейх Cақр бин Мұхаммед әл-Қайсыми гуманитарлық қайрымдылық қорының бас директоры Ахмед бин Рашид әз-Зиғаби мен кездесті.

ҚР Ақпарат және коммункиациялар министрі Д. Абаев және ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадеивтің қатысуымен еліміздегі медиа саласындағы кадрлардың әлеуетін тиімді дамыту және медиа білм беру сапасын жақсарту бойынша мәжіліс өтті. Жиында БАҚ бас редакторлары, ЖОО журналистика кафедралары меңгерушілері, салалық қауымдастық өкілдері медиа білім беру мәселесін талқылады.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Елшілігі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзаратиімді өсім мен өркендеу траекториясы» тақырыбында байқау жариялайды. Конкурс «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Хикметов Ресей университеті Қазан кооперативтік институтының оқу ісі жөніндегі проректоры Юлия Валеевамен кездесті.

Алматыда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жемқорлыққа қарсы жобасы аясында білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерінің картасы талқыланды. Жоғарғы оқу орындары, мектеп, колледж өкілдері «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесіне жиналып, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, білім басқармасының жетекшілерімен білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың амал мүмкіндіктерін қарастырды.
2018 жылдың 27 шілде күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Smart және тұрақты қалалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен American University of Ras Al Khaimah (AURAK, Біріккен Араб Әмірліктері) арасында ықтымақтастық жөнінде келісім шарт жасалды. Қол қою рәсімі университет ректора Галым Мутанов пен AURAK президенті Аль Альким Хасан Хамданның кездесуі барысында жасалды.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауымен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл факторы ретінде Қазақстан Республикасында бюджеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың кадрлық саясатына меритократия қағидасын енгізудің негізгі жолдары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Пекин шет тілдер университеті президенті Пен Лонгомен кездесті.