- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қарашаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет.Сондықтан бұл мейрамның маңызы зор. Бұл мейрам аясында Қазақстан Республикасында тұратын халықтарды бірлікке, ынтымаққа ұйытатын мерекелік шаралар өткізіледі.

ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы базасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтанов атындағы кубок үшін «Сарбаз» әскери-патриоттық ойыны өтті. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған аталмыш шараға Алматы қаласының барлық аудандарының үздік мектептері қатысты.

ҚазҰУ-дың «KazNUSquirrels» әйелдер тобы Ұлттық Баскетбол Студенттік лигасы финалында үздік топтардың бірі атанды.

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ серіктесі - Ресей Халықтар достастығы университеті. РХДУ RUDN Top Student Mobility арнайы шəкіртақысын тағайындады. Комиссия мүшелері конкурсқа құжат қабылдау және үміткерлерді іріктеу жұмысын 26-28.04.2018 аралығында өткізді.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» мемлекеттік жобасы заманауи қазақстандық студенттердің таным көкжиегін кеңейтті – енді философия, психология, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, лингвистика, журналистика, экономика және менеджмент салаларындағы әлемдік ғылыми бестселлер қазақтілінде қолжетімді болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылып әрі жарыққа шыққан алғашқы 18 кітап бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру үдерісіне енгізілді.

Алда келе жатқан Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында ҚазҰУ әскери кафедрасының бір топ оқытушы-профессорлар құрамы «Бөбек» Ұлттық орталығының гимназиясында білім алып жатқан оқушыларға «Мен Қазақстанның патриотымын!» тақырыбында дәріс өткізді.
ҚазҰУ-да Гонконг политехникалық университеті мен ҚазҰУ ғалымдары бірлесе ғылыми жобаларды жүзеге асыратын құзіреттілік орталығы ашылады.
ҚазҰУ-да Польша Республикасының Тәуелсіздігіне 100 жыл толуына арналған конференция болып өтті.

26 сəуірде НАРХОЗ университеті қабырғасында “Marketrend” атты ІІ Республикалық студенттік олимпиада өтті.

Еуропалық Университеттер Ассоциациясының (ЕУА) Тағайындау жөніндегі комитеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын аталмыш халықаралық ұйымның президенті лауазымына ұсынды.