- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Медицина факультетінің студенттері Оңтүстік Кореядағы Gangam Severance Hospital клиникасында «Ауруханалық менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты.

Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде ҚазҰУ-дың әскери кафедрасына Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жоғары шендегі әскери делегациясы келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орал федералдық университетімен бірге болашақ ұрпақтарға арналған тұрақты даму мен «жасыл» экономиканың құндылықтары мен қағидаларын дамытуға, Еуразия кеңістігінде тұрақты дамудың іргелі идеяларын кеңінен тарату мүмкіндігін талқылауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты VІI Халықаралық студенттік форум өтті.

ҚазҰУ-дың студенті Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта брасспен жүзу тәсілі бойынша ашық чемпионаттың екінші күнінде алтынға қол жеткізді.

ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Пәкістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Әбдул Салих Хан пен Алматыдағы Пәкістан Республикасы Өкілдігінің екінші хатшысы Басит Сәлім Шах және оның көмекшісі Манас Кәрібаевпен кездесу өтті.

ҚазҰУ ректоры Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абдул Салик Хан бастаған делегация құрамымен кездесті.

ҚазҰУ-да «Жұмыс берушілердің түлектерге қоятын талаптары мен жұмыскер ретіндегі студенттердің міндеттері» атты дәріс өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, заманауи қашықтықтан ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіліп келе жатқан "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасының 3-ші шешуші кезеңінің ресми жабылуы 2018 жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасында өтті. "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасының 1-ші кезеңі 2018 жылдың ақпан айының 8,9-күндері, ал 2-ші кезеңі 2018 жылдың 2-наурыз күні өтті.

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының аясында экономика және бизнес жоғары мектебінің профессорлары мен оқытушыларының ұйымдастыруымен «Инвестициялық белсенділікті ынталандыру: ҚР-дағы даму тенденциясы» тақырыбына халықаралық студенттік онлайн конференциясы өтті.

6 сәуір 2018 жылы ҚазҰУ заң факультетінде «Сандық құқық: қазақстандық модельддің ерекшелігі және дамудың жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. V халықаралық Фараби оқулары аясында цифрландыру мен осы саладағы құқықтық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін кәсіби түрде заңдармен халықаралық және ұлттық деңгейде қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Конференцияға Ресей, Финляндия, Испания, Франция және басқа елдердің ғалымдары қатысты.