- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

2018 жылдың 4 сәуірінде V халықаралық Фараби оқулары шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, Еуропалық ақпараттық орталық Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25-жыл толуына орай және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуропалық ақпараттық орталықтың 20-жылдығына арналған «Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы: қазіргі таңдағы үрдістері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылық көмек көрсетті.

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Оңтүстікте тұрақты даму үшін ғылым мен технология бойынша комиссиясының («COMSATS») XXI-ші отырысы өтті. Бұл халықаралық үкіметаралық ұйым кеңесінің отырысы Қазақстанда және посткеңестік кеңістікте алғаш рет өткізілуде.

ҚазҰУ-да V Халықаралық Фараби оқулары өз жұмысын бастады. 2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әр түрлі бағыттағы өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын ашық алаң ретінде Халықаралық Фараби оқуларын өткізуді дәстүрге айналдырған.
Биомедициналық статистика және дәлелді медицина кафедрасының магистранттарға арналған «Severance-KZ» Халықаралық медицина қорының» қолдауымен «Ауруханалық менеджмент» тақырыбында Оңтүстік Кореяның Йонсе университетінде ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтті.

Қиыр Шығыс кафедрасы Бірінші проректор М.М. Бүркітбаевпен бірге бір жылдан бері Бункёу Гаккуин университетімен (Япония) ынтымақтастық жөнінде келіссөз жүргізіп, серіктестікке қол жеткізді. Соның нәтижесінде аталған жапондық университеттің гуманитарлық ғылымдар факультетінің 22 студенті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-іне Қысқы мектепке қабылданды. Студенттер «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы және мәдениеті» атты бірлескен білім бағдарламасы бойынша білім алып, курс соңында сертификат иеленді.
2018 жылдың 29-30 науырызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінде «5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша пәндік студенттердің олимпиадасы өткізілді.

Жуырда тарих, археология және этнология факультетінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасында «Археология және этнология» мамандығынан Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың екінші кезеңі өтті.

2018 жылдың 27-29 наурыз айында Шантиникетанда (Батыс Бенгалия) орналасқан мемлекеттік Вишва-Бхарати университеті, Филология факультетінің «Арабтану, Ирантану, Үндітану және Исламтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаһандық бейбітшілік және тіл мен әдебиет арқылы орнықты даму: арман мен дизайн» тақырыбында өткен өзіндік құнды идеялар мен жаңалықтарға толы халықаралық семинарға Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұстаздары З.Е. Искакова мен Д.М. Көкеева қатысты.

Түрксой кафедрасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Иран-Тұран руханиятындағы Иасауидің орны» атты дөңгелек үстел өтті.