- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форумының аясындағы «Наурыз-адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде» атты халықаралық ғылыми конференциясына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология, этнология және мұражайтану кафедрасының профессоры Б.К. Қалшабаева арнайы шақыртумен қатысып қайтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері «Жас отан» жастар қанатының IV съезін онлайн трансляция арқылы көрді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «ҚР-да жұқпалы аурулардың екпелік алдын алудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Кампус ішіндегі кампус бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанына төрт жыл болды және осы оқу жылының қазіргі семестрінде Қиыр Шығыс кафедрасы Ортақ білім беру бағдарламасы аясында Жапония, ТМД, Балтық елдеріндегі мультилингвистік жүйе бойынша экономика және ғылым саласындағы кадрларды даярлау мақсатында Цукуба университетінің жаңа студенттерін қарсы алуда (15 ақпан, 2015 жылғы келісіміне сәйкес).

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Республикалық «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерінің қолдауымен дәстүрлі XYII «Жас тілшілер» форумы өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Қытай мәдениеті мен әдебиеті орталығында Қытайдың Чун Цзэ – Көктем мейрамы аталып өтті.

Медицина факультетінде «Дүниежүзілік бүйрек ауруларының күні» аталып өтті.

ҚазҰУ магистранттары М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің іргелі медицина факультетінің базасында «Медицина саласындағы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп қайтты.

Медицина факультетінің эпидемиология және гигиена кафедрасы «24-наурыз - Бүкіл дүниежүзілік туберкулезбен күресу» күніне орай Алматы қаласының тұрғындары арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді.

Тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және мұрағаттану кафедрасының ұйымдастыруымен Италияның Офифичо Дель Пьетр Дюра (Флоренция) бас реставрация институтының делегациясымен кездесу болды.