- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың медицина факультетінің биомедициналық статистика және дәлелді медицина кафедрасында Азия-Тынық мұхиты университетінің Рицумейкан колледжінің деканы (Беппу қ., Жапония) және Ritsumeikansky Азия-Тынық мұхиты университеті колледжінің (Беппу, Жапония) профессоры Серик Мейірмановпен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шығыстану, философия және политология мен журналистика факультеттері және дінтану кафедрасында оқитын 16 магистрант Әл-Фараби Еуразиялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған 10 күндік ғылыми-зерттеу тағылымдамаға қатысты.

Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлауды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғашқылардың бірі болып бастады. Бүгін жыл сайын ҚазҰУ қалашығының ұйымдастыруымен өтетін «Әз-Наурыз» мерекесі ерекше сән-салтанатымен Наурыз тойының шымылдығын ашты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, корейтану бөлімі «5В020900-Шығыстану» мамандағының 4-курс студенті Айдана Самұратова «Шинхан Желі» командасының толыққанды мүшесі атанды.

ҚазҰУ-ға Үндістанның Neo Medical Sciences and Technology LTD компаниясының директоры Бурра Дивиа Сунитха Радж бастаған делегация өкілдері келді.

Тарих, археология және этнология факультетінде дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен Солтүстік Джорджия университетінің (АҚШ) профессоры Мартин Блэквилдің «Kyiv as Regime City: The Return of Soviet Power after Nazi Occupation» тақырыбында тағылымды дәрісі өтті.
ҚазҰУ-да дәстүрге айналған «Өнер әлемінің көктемі» атты «Студенттік көктем-2018» көркемөнерпаздар байқауының ақтық сайысы болып өтті.

ҚазҰУ-да «Араб тілі апталығы» атты іс-шараның қорытынды жиыны өтті. Жиынға Египет мәдени орталықтың басшысы доктор Ибрахим Хамдан, шығыстану факультетінің деканы доктор Ы.Палтөре және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі доктор Р.Мухитдинов мен араб тілін меңгеріп жатқан студенттер мен магистранттар қатысты.

Тарих, археология және этнология факультетінде «Монғол империясы және Орталық Азия тарихы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Журналистика факультетінде «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Қазақ фотошежірешілері: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның тұсаукесері өтті. Тың туынды қоғам санасын фото арқылы мемлекеттік мүддеге, ұлттық мұратқа, эстетикалық талаптарға жұмылдыра білген қайраткерлердің шығармашылығын және ұлттық фотоөнер тарихын жан-жақты баяндайды.