- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде Алматы қаласындағы ҚХР-ның Бас Консулы Чжан Вэй мырзаның «Қазақ-қытай қатынасының жаңа форматы» тақырыбында 14 наурызда дәріс өткізілді.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадовпен кездесті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Ғұсман Қырғызбаев Марокканың Агадир қаласында өткен халықаралық дзюдо жарысында Гран-при басты жүлдесін қанжығасына байлады.

Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері Қазақстан бойынша 20-шы рет өткізіліп отырған жапон тілінен шешендік өнер сайысында байқауға түсті. Бұл сайыс жыл сайын өткізіліп, жапонтану мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында елдегі ең үздіктерін іріктейді.

Соңғы бес жыл ішінде жапонтану бөлімінің түлектер саны тұрақты болып келеді. Жапон тілінен өтетін республикалық және халықаралық байқаулардан үздік орындарды жылда иеленетіндіктері біздің түлектердің жапон тілінен білім деңгейінің аса жоғары екендіктерін дәлелдейді.

Жуырда Астана қаласындағы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қолжазбалар және сирек кітаптар» ұлттық орталығы директорының орынбасары филос. ғ.д. профессор Әміреқұл Ергешұлы екі жақты әріптестік орнату мәселелерін талқылау мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіне арнайы іссапармен келді.

Шығыстану факультетінде түркі халықтарының ақыны, дара тұлға Қайсын Кулиевтің шығармашылығына арналған «Түркі даласының ұлы ақыны» атты дөңгелек үстел өтті.

ҚазҰУ-дың ер-азаматтары көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз мейрамымен университеттің барша әйелдер қауымын құттықтады.

Халықаралық қатынастар факультетінде Тәжікстан Республикасының бас консулы Назир Баходур мырзамен «Елші сағаты» өтті.

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы Сулеймен Демирел университетінде халықаралық аударма және мәдениетаралық қатынастар қауымдастығымен (Гамбург университеті, Германия) бірге халықаралық аудармашылар семинарын өткізді.