- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

2018 жылдың 31 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов пен Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шри Прабхат Кумардың қатысуымен Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияның шығыстану кафедрасының төрт мамандарының жұмыстарының салтанатты презентациясы өтті.

ҚазҰУ-да Үнді халқының дана тұлғасы, ұлы ойшыл Карамчанд Мохандас Ганди атындағы орталық ашылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасы Цукуба университетімен бірлесе отырып «Кампустағы кампус» жобасы аясында «Қазақстан мен Жапониядағы жапонтану» тақырыбына кезекті ғылыми конференция өткізді.

Жуырда Алматыда Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кеңесінде «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның жылдық шәкіртақыны табыстау салтанаты өтті.
2018 жылы 29 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің магистрант және докторанттарын шәкіртақымен марапаттаудың кезекті рәсімі өтті.

Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Радио және спорт: білім қоғамын дамыту жолында» атты Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі биыл бесінші рет шымылдығын ашты.

«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында Шығыстану факультеті, үндітану бөлімінің оқытушылары мен студенттері Үндістан Елшілігі және Үндістанның Қазақстандағы үнді сауда және мәдениет палатасымен бірлесе отырып «Халықаралық Хинди тілі» күні мерекесін атап өтті.

ҚазҰУ-да «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған оқу-әдістемелік бірлестіктің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Шығыстану факультетінде Қазақстан республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10-қаңтарында Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға орайластырып ұйымдастырылған көптен күткен түлектермен кездесу өтті.

Қазақстандық авторлар ұжымы қысқа уақыт аралығында бериллий өндірудің бірегей технологиясы бойынша үш АҚШ патентіне ие болды. Мұндай бір ғылыми-технологиялық бағытта үш патентті бірінен соң бірін растау жетістігіне Қазақстанның ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістіктің бірде-бір зерттеу тобы бұрын-соңды қол жеткізбеген. Бұл кезекті рет отандық ғалымдардың халықаралық деңгейде жүргізіп жатқан зерттеулерінің жоғары басымдығын көрсетеді.