- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Елбасымыздың ұлтына сіңірген ұшан теңіз еңбегін жастарға дәріптеу арқылы отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында жақында филология және әлем тілдері факультетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Елбасымыздың замандасы, сыныптасы, аудандық арадагерлер ұйымының төрағасы Сайлаубек Қасенбайұлы Қыдырәлиевпен «Елбасы замандастарымен бірге» атты кездесу кеші болып өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы талқыланды. Мемлекет басшысы белгілеген негізгі басымдықтарды назарға ала отырып, университет ұжымы цифрлық экономика жағдайындағы адами капиталдың қалыптасуына бағытталған шешуші қадамдарды бағдарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында еліміздің өркениет ажары мен назарына сай дамуымыздың шарты – 10 іргелі бағыты аталып, солардың қай қайсысында болмасын цифрлы технологияларды дамытуды — негізгі мақсаттардың бірі деп көрсетті.

Замана биігінен ел келешегіне көз тастай отырып, өткен кезеңді елеп-екшеген Елбасымыз үзеңгіге аяқ іліктірген құт-қазына Жылында тындырылар толайым тірліктердің жан-жақты ойластырылған жоба-жоспарын жамиғат назарына ұсынды.

Әр жыл сайын ҚР Президент жолдауды өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді.

ҚазҰУ-дың тәрбие департаменті университеттегі факультеттердің куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған «Адами капиталдың жаңа сапасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Күні кеше ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы жарияланған болатын. Өзімізге белгілі болып отырғандай «Қазақстан-2050» бағдарламасына негізделе отырып 2018 жылғы 10 қаңтардағы бұл Жолдау «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталды.

Жуырда ҚазҰУ-да латын тілінде қоғамдық диктант жазу акциясы өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ректор кубогына таласатын «Денсаулық» атты 46 спорт түрінен дәстүрлі факультет аралық ойындар жарысы басталды.