- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінде Корея Республикасының Шетелде тұратын корейлер фондының қолдауымен «ТМД Корейлері»туралы арнайы дәрістер курсы өтуде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері, конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Федор Мезенцев пен Роман Креч төрт Олимпиада лицензиясын жеңіп алып, ең басты төртжылдық жарысқа қатысуға мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен құрылған «Бөбек» Ұлттық орталығының «Өзін-өзі тану» атты гимназиясына барып қайтты.
ҚазҰУ студенттері Қазақстанның ЖОО арасында IX жазғы Универсиада чемпиондары атанды.

Ағымдағы жылдың соңғы айында университетіміздің халықаралық байланыс және ынтымақтастық салаларында бірнеше сәтті қадамдар жасалды. Жылдың соңында ҚХР-дың Шанхай және Пекин қалаларында «Қазақстан ЖОО-ның білім көрмесі» атты іс-шара Білім және Ғылым министрлігі мен Халықаралық бағдарламалар орталығының бірлесе ұйымдастырумен өткізілген болатын.
ҚазҰУ-да «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жекеменшік кәсіпорындарда жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру және ішкі бақылау» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Жуырда физика-техникалық факультетінің мәжіліс залында Қазақстандық ғалым, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының доценті - Кеңескен Куратовтың “Nature” журналында жарық көрген мақаласының тұсаукесері өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің негізгі мерекесі саналатын Тәуелсіздік Күнін атап өтті. 26 жыл ішінде Қазақстан әлемде толерантты және табысты мемлекет имиджін қалыптастырды. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов өз сөзінде «Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың стратегиялық көзқарасы мен дұрыс бағыты Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларында үлкен өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін Қазақстанның даму үлгісінің табысты болуын алдын-ала анықтап берді», – деп атап өтті.
Халықаралық қатынастар факультетінде философия және саясаттану мен шығыстану факультеттерінің 1 курс магистранттарымен бірлесіп, «Рухани жаңғыру» мемелекеттік бағдарламасын таратуға негізделген «Рухани жаңғырудағы латын тіліне көшудің алатын орны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
ҚазҰУ және жаһандық Hub YUNAI ұйымдастыруымен «Бейбітшілік және адам құқығын қамтамасыз ету бойынша бітімгершілік күштерінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.