Жаңалықтар

Жаңалықтар


13.12.2017 Ким Дэ Сик дәріс оқыды

Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик ҚазҰУ басшылығымен кездесіп, студенттерге дәріс оқыды.


12.12.2017 «Қабдолов оқулары»

Ақбас таудың етегіндегі мәңгі жас көркем қалашық – ҚазҰУ-да тағы да той. Мұнда желтоқсанның 11 күні Мұхтар Әуезовтей дананың, парасатты шәкірті Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жылдық мерейтойына орай салтанатты шаралар легі өтті.


11.12.2017 Жаһандық рейтингтердегі ҚазҰУ-дың жаңа белестері

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік білім кеңістігіндегі жоғары бәсекеге қабілеттілігін кезекті рет дәлелдеді. Беделді Round University Ranking (RUR) рейтингтік агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан пәндік рейтингтен алғаш рет көрінуде және оған енген жалғыз университет – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып отыр.


09.12.2017 «Қытаймен танысу – 2017: Чунцин келбеті»

Чунцин қаласында 8 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қытаймен танысу – 2017: Чунцин келбеті» атты фотокөрмесінің ашылу салтанаты болды. 


08.12.2017 Қазақ психологиясына 100-жыл

ҚазҰУ-да Қазақ психологиясының 100-жылдығына арналған «Қазіргі психологиялық ғылым мен тәжірибенің даму үрдістері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция және Қазақ психология қоғамының I Құрылтай съезі өтті.


07.12.2017 АМУ өкілдерімен кездесу

ҚазҰУ басшылығы Алтай мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесті.


07.12.2017 Заманауи әлемдегі әйелдердің рөлі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ХҚФ БҰҰ жәрдемдесу орталығы Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» көпелдік бөлімше ұйымымен бірлесе отырып «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жоба шеңберінде «Гендерлік теңдік және зорлық-зомбылықты жою: қазіргі әлемнің әйелдер құқықтары мен бостандықтарын кеңейту» тақырыбын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.


06.12.2017 «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу»

ҚазҰУ-да KAZENERGY қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясының ұйымдастыруымен «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу» шеберлік сыныбы болып өтті. 


06.12.2017 Тамаша бастау

2017 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» мақаласында жаһандық деңгейдегі мынадай міндет қойылған - бәсекеге қабілетті мемлекет болу.


06.12.2017 Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

ҚазҰУ-да кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болып өтті.