- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Шығыстану факультетінде «Дивали» үнді фестиваліне арналған концерттік бағдарлама болып өтті.

Жуырда журналистика факультеті ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Әл-Фараби атындағы кітапхана ғалымдар клубында Қазақстандағы БҰҰ және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық аясында Дүниежүзілік телевизия күніне орай «Қазақстандағы тұрақты Даму мақсаттары телевизия кадрынан тыс» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Жас тілшілер мен репортерлерге арналған «Журналистика негіздері» практикум аясында баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы доценті м.а А. А. Мусинова 2-курс студенттері және мектептің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен полилог-марафонын өткізді.

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа гуманитарлық білім берудегі педагогикалық методология» атты V Жас оқытушылар мектебі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетіне «Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығы» халықаралық ұйымының өкілдері келді. Жанды әңгіме аясында орталық өкілдері мемлекеттердің табиғи апаттардан қорғалуын қамтамасыз етудің негізгі аспектілерін талқылады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жаңа жаһандық жағдай туралы айта отырып, «қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді» деп атап өтті. Бұл маңызды жұмыста академиялық қоғамдастық пен университеттерге ерекше жүк артылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты дәстүрлі 5 республикалық патриоттық фестивалінің гала-форумы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық сағат өтті. Шара 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған.

ҚазҰУ-да «Инклюзивті экономикалық даму: бағыттары, басымдықтары, қозғаушы күштері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Әл-Фараби Ғылыми кітапханасының ғалымдар клубында Алаш қозғалысының 100 жылдығы және «Сарыарқа» газетінің 100 жылдығына арналған «Алаш көсемсөзі – Рухани жаңғыру парадигмасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.