Жаңалықтар

Жаңалықтар


16.11.2017 «Әлем Көшбасшы көзімен»

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасы аясында «Әлем Көшбасшы көзімен» кітап көрмесінің тұсаукесері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы залының ашылуы болып өтті. 


16.11.2017 «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны – 2017» байқауы

Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында қалалық деңгейдегі «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны – 2017» байқауы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі шараның жоғары деңгейде өтуіне  Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Керемет» жастар ресурстық орталығы және бас ұйымдастырушы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сенаты ұйымы атсалысты.


15.11.2017 ҚазҰУ ректоры Цай Фанмен кездесті

ҚазҰУ ректоры Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының вице-президенті Цай Фан бастаған делегация құрамымен кездесті. 


14.11.2017 Қаламы қарымды қаламгер

ҚазҰУ-да көрнекті қоғам қайраткері, жазушы Төлен Әбдіковтың 75 жылдығына арналған «Төлен Әбдіковтың парасат әлемі» атты әдеби-шығармашылық кеші өтті. 


13.11.2017 Тиімді тәжірибе

Жуырда университет музейінің қызметкерлері Алматы қаласының мәдени ошағының бірегейі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде өткен республикалық семинар жұмысына қатысты.

 


13.11.2017 «Арнайы әскер»

Патриотизм – кез келген мемлекеттің алтын діңгегі. Бүгінгі күні өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу барысында елеулі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бауыржан Момышұлының «Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті!» деген қанатты сөзін ескерген әскери кафедрамыз студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп, адал еңбек пен отансүйгіштікке баулуға ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда да түрлі ауқымды танымдық шаралар да ұйымдастырылып келеді.


11.11.2017 ҚХР Бас консулдығы өкілдері ҚазҰУ-да

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. 


10.11.2017 «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» халықаралық ғылыми-білім беру консорциумын құру туралы декларациясы

2017 жылғы 9 қарашада Челябі қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Ресей мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының XIV форумында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов және Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің ректоры В.А. Кокшаров «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» халықаралық ғылыми-білім беру консорциумын құру туралы декларацияға қол қойды.


10.11.2017 Таланттар топ жарды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «1-курс таланттары» байқауы биыл да өз мәресіне жетті. 


10.11.2017 Ғасырдан соңғы жүздесу: «Айқап» журналы - Челябі форумының рухани тұғыры

Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының ХІҮ форумы қарсаңында ректор, академик Ғ.М.Мұтанов бастаған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы РФ Челябі облысының Троицк қаласында болды. Көне Жібек жолының тарамдары тоғысқан осынау өңірде 1911-1915 жылдары қазақтың тұңғыш журналы - «Айқап» басылған болатын. «Мағынай базары» атты жәрмеңкенің, әйгілі медресенің мекені, тоқсан тарау жол торабындағы Троицк қаласы қазақстандықтарды құшақ жая қарсы алды.