- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Биыл Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Елбасы мақаласында 21 ғасырда ұлттық санаға қатысты және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап көрсеткен болатын. Аталған мақаладағы сол бағыттардың бірі «Жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық мəдениет жəне еліміздің 100 жаңа тұлғасы» жобасы.

Челябинскте ЖОО ректорларының форумында «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» Ресей мен Қазақстан университеттерінің консорциумын құру туралы келісімге қол қойылды.

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында «Ғылым лидері – 2017» сыйлығы тапсырылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталығы, ХҚФ , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біріккен Ұлттар Ұйымының Көші-қон жөніндегі агенттігі, Орта Азия аймақтық үйлестіру кеңесі «Мигранттар: Орталық Азиядағы көрінбейтін күш» атты фильмінің ашық дәрісін және скринингін ұйымдастырды.

Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамымыздың болашағы болып табылады. Биыл жарық көрген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамның барлық саласына жаңа серпін берді. Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.

Челябинскте Қазақстан және Ресей ЖОО ректорларының форумы ашылды. Оған көрші елдердің жетекші жоғары оқу орындарының жетекшілерімен Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының білім министрлері қатысты.

Ұлыбританияның белгілі баспаларының бірі - «Glagoslav Publications» жақында «Shining Light»(«Шуақты сәуле») деген атпен академик Ғалым Мұтановтың жыр жинағын шығарды.

Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері Корея жайлы «Golden bell» атты викторинасында тағы да үздік атанды.

Қиыр Шығыс кафедрасына Корей Республикасының Алматыдағы Бас консулы Джонг Сеунг Мин мырз басған делегация келді.

Алматы қаласында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен өнер педагогикасы» атты Халықаралық педагогикалық форум өтті. Форум Ұлттық «Бөбек» орталығының 20-жылдығына арналды.