Жаңалықтар

Жаңалықтар


05.11.2017 Байрақты бәсеке

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ұлттық жастар көкпар лигасы өтті. Спорттық шара Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде жүзеге асуда.


04.11.2017 ХV Республикалық пікірсайыс турнирі

ҚазҰУ-да «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХV Республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу рәсімі өтті.

 


03.11.2017 Қиыр Шығыс кафедрасында өткен шеберлік сабағы

Қиыр Шығыс кафедрасында шетелдік оқытушылар, сондай-ақ, кореялық дипломаттар корей және жапон студенттеріне корей тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сабақ өткізді.


03.11.2017 «Сенім жолында»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Сенім жолында» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Әсия Байғожина кинотуындысы дін жолында шалыс қадам басқандардың бүгінгі өмірі турасында түсірілген. Киноны 2000-ға жуық студент тамашалап, діни әрі рухани тұрғыдан біраз мағлұмат алды. ҚР мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысымен түсірілген туындының жарыққа шығуына небәрі екі ай ғана уақыт қажет болыпты.


02.11.2017 Ынтымақтастық бағыты талқыланды

ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевтың Түркияның Афьон Кожатепе университеті делегациясымен кездесуі болып өтті. 


02.11.2017 Тұрақты даму концепциясы – адамзат дамуының болашағы

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты III Халықаралық РR Күзгі мектебі өтті.


01.11.2017 «Қазақ тілін латын графикасына көшіру реформасы – рухани жаңғыру бастауы»

ҚазҰУ-да «Қазақ тілін латын графикасына көшіру реформасы – рухани жаңғыру бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.


01.11.2017 Стратегиялық әріптестік

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың Францияның Қазақстан Республикасындағы төтенше әрі өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесуі болып өтті. Шара барысында Ғ. Мұтанов Францияның жетекші оқу орындары мен ҚазҰУ арасындағы әріптестік, ынтымақтастық байланыстарға тоқталды. 


31.10.2017 Корейтану апталығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2017 жылдың 30 қазанынан бастап дәстүрлі корейтану апталығы басталды. Қиыр Шығыстану кафедрасының Корейтану бөлімі Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы өзара түсінушілікті арттыруда маңызды рөл атқарады. 25 жылдан астам уақыт бойы Қиыр Шығыстану кафедрасының Корейтану бөлімі  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да корейтану апталығы жыл сайын дәстүрлі іс-шара ретінде өткізіп келеді.


31.10.2017 «ЕО Мини-моделі - 2017»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің және Қазақ-неміс университетінің отыздан аса студенті адам құқықтары бойынша «ЕО Мини-моделі - 2017» интерактивті ойынына  қатысты