- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Қиыр Шығыс кафедрасы және Халықаралық корейтану орталығы Кореяның бірігуі гуманитарлық ғылымының Төртінші бейбіт форумының қатысушылары болды және қазақ жеріндегі корейлердің тұрып жатқанына 80-жыл толуына орай «Қазақстан корейлерінің өткені мен бүгінгісі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырды.

ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «Шағатай тіліндегі мәтіндерді оқу және зерттеу әдістері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде.

ҚазҰУ-да «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес: 25 жыл серіктестік пен қауіпсіздік жолымен» атты АӨСШК құрылуының 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
АӨСШК құрылғанына 25 жыл
ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Семей полигонындағы соңғы жарылыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қазіргі таңда діннің атын жамылған жат ағымдардың қоғамға, әсіресе жастарға тигізер зардабы сейіле қойған жоқ. Оның бірнеше себептерін көрсетуге болады. Діни сауаттылықтың төмендігі немесе мүлдем болмауы, сауаты жоғары мамандардың тапшылығы, діни мәселелер бойынша ақпараттың дұрыс насихатталмауы, радикалды ағым өкілдерінің әлеуметтік желілерді ұтымды пайдалана отырып қоғамның, соның ішінде жастардың санасын улауы белең алып отыр. Сондықтан да жоғары оқу орындары бүгінде жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған тәрбиелік шараларды қолға алуда. Осы орайда жуырда ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінде т.ғ.к., профессор Ерке Тамабекқызы Қартабаеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру және ислам» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға «Шаңырақ» діни кеңес беру, алдын алу және оңалту орталығының директоры Мирхат Мадияров және факультет оқытушылары, магистранттары мен 1-2-курс студенттері қатысты.

ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевтың Каннам Северанс клиникасының бас директоры Кён Су Киммен кездесуі болып өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы да растап QS рейтингісінде Дамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің (EECA - Emerging Europe & Central Asia) 10 үздік ЖОО қатарына енді.

ҚазҰУ-да «Қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы жағдайында ғылыми-зерттеушілік және білім беру әрекеті әдіснамасының дамуы» тақырыбында ХПБҒА және Қазақстан ПҒА академигі, профессор Шәркүл Таубаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 251 орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әліпбидің бірегей форматына көшу жайы талқыланды.