- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Жуырда Сеншю университетінің профессоры Хироаки Итоның (Жапония) лекциялары мен семинарлары өткізілді. Профессор ғылым және білім беру саласында халықаралық байланыстарды дамыту және жетекші халықаралық ғалымдардың озық тәжірибесін пайдалану арқылы білім алушылардың кәсіби даярлау сапасын арттыру мақсатында шақыртылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ұлттық академия мүшелері, белгілі ғалымдар мен ірі қоғам қайраткерлері жоғары білімді дамытудағы қоғамдық сананы жаңғырту жайын талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик, бірнеше рухани-философиялық өлеңдердің авторы Ғалымқайыр Мұтанов "У ковчезі часу» ("В ковчеге времени") атты украин тілінде жарық көрген өлеңдер кітабы үшін "Сад божественных песень" Украина Халықаралық әдеби сыйлығының 2017 жылғы лауреаты атанып, Григорий Сквороди атындағы медалін иеленді.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов COMSATS-тың бағдарламалар бойынша басшысы Таджаммул Хусейнмен кездесті.

2017 жылдың 2-6 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында ЭКСПО 2017 Астана (Болашақ энергиясы) шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ғылым және технологиялардың тұрақты дамуы бойынша Оңтүстіктегі Комиссиясымен (COMSATS) бірлесе, Білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша Ислам қауымдастығымен (ISESCO) ұйымдастырылатын «Кіші бизнес кәсіпорындарында, зерттеу институттары мен университеттерде пайдаланылатын ғылыми-инженерлік қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету» атты республикалық семинар өткізілді.

2017 жылдың қазанның 3-жұлдызында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті Ұлы Хартия обсерваториясымен ұйымдастырылған семинар шеңберінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Орталық Азиядағы сапаны қамтамасыз ету және біліктілікті өзара мақұлдау жүйесінің мәселелері» атты арнайы сессия өткізілді.

ҚазҰУ-да «Құндылықтарға негізделген ЖОО-ғы интернациоландыру» тақырыбында семинар өтуде. Шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен Ұлы Хартия Обсерваториясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті бірлесе отырып ұйымдастыруда.
ҚазҰУ-да «ЭКСПО-2017: Қазақстанның модернизациялық алға жылжуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚазҰУ Жазушылар Одағының қолдауымен белгілі жазушы, ірі қоғам қайраткері, ойшыл, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
ҚазҰУ-дың заң факультеті ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы Департамент агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп болашақ мамандық таңдау, мемлекеттік қызметке орналасу жөнінде семинар жұмысын өткізді.