- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Қиыр Шығыс кафедрасы академиялық ұтқырлық аясында Жапонияның көптеген жоғары санатты университеттерімен серіктестік байланыстар орнатып отыр. Атап айтар болсақ, Сайтама университеті, Осака университеті, Васеда университеті, Хоккайдо университеті, Токио шет тілдер университеті және Цукуба университеті.

ҚазҰУ-дың жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, жас ғалым Болат Уралбековтің шетелдік әріптестерімен бірлесе жазған «Growth of the complex borates YxRySc2+ z (BO3)4 (R= Nd, Pr, x+ y+ z= 2) with huntite structure» мақаласының суреті беделді «Crystal Research and Technology» халықаралық ғылыми журналының кезекті шығарылымының мұқабасында жарық көрді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнологияфакультетінің 3-курс студенті, EXPO-2017 көрмесінің қызметкері Ерасыл Мирасбеков Фаррел Уильямстің әйгілі «Happy» әніне имидждік бейнеролик түсірді.
Журналистика факультеті студенттерінің Space Nomads командасы Canon Europe компаниясының «Болашақ қуаты» атты ең үздік студенттік видео байқауында жеңімпаз атанды.

Биылғы жаңа оқу жылының қарсаңында бір топ ғалымдар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен ұлтымыздың ұлы тұлғасы – Шоқан Уәлиханов жерленген киелі мекенге арнайы сапарлап қайтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Тайбэйде өткен XXIX жазғы универсиада 2017 ойындарында 4 медальді жеңіп алды. Жарысқа әлемнің 142 елінен 7639 спортшы қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бірінші курс студенттеріне арналған «Бағдар беру» апталығы өткізілді. Университет табалдырығын алғаш аттаған студенттер жоғары оқу орнының тарихы мен дәстүрі жайында және ережесімен танысты.
ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов Шэньси провинциясының білім беру департаментінің өкілдері бастаған Қытай делегациясымен кездесті.
ҚазҰУ-да «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім моделі» атты ҚР Конституциясы күніне арналған конференция болып өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары мектеп менеджерлерін жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау жүйесін құру Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетін дамыту механизмі ретінде» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел болып өтті.