- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚазҰУ-да Жаңа Жібек жолы университеттері альянсімен бірге ұйымдастырылған «Future Life, Future Leaders» атты халықаралық жастар форумы өтті.

Математика және механика ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты А.К. Ералиевтің жетекшілігімен ізденуші-ғалымдар қиын жерлерден еркін өтетін робот гуманоидтің қозғалыс жүйесін ойлап тапты.

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Корея әдебиеті, сондай-ақ ТМД корей диаспорасының әдебиетін зерттеуде елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жоба 2017 жылы Корея Республикасының Корейтану академиясының қаржыландыруымен бекітуін алды.
ҚазҰУ-дың жазғы мектеп қатысушылары Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округіне қарасты «Дәулет» ЖШС түйе шаруашылығында болып қайтты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жазғы мектеп шарасының шарықтау шегі «Future Life, Future Leaders» атты халықаралық форум өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қолдауымен Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде халықаралық жазғы мектеп қатысушыларына арналған «БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы» бағдарламасы бойынша семинар болып өтті.

«Green Technology» халықаралық жазғы мектебінің үшінші күні «Green Economy and Sustainable Development» және «Green Finance» тақырыптарында дәрістер оқылды.
Студенттік құрылыс жасағы арасында футбол ойындары өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы (кафедра меңгерушісі – филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева) мен «Орыс тілі және мәдениет» орталығында (жетекшісі – филол.ғ.к., доцент М.Қ. Мәмбетова) «Русский мир» фондының қолдауымен ҚазҰУ-да "Русский язык и культура: традиции, новации и перспективы» тақырыбында халықаралық жаздық лингвистикалық мектебі өтті. Қатысушылар – ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, студенттер, магистранттар, докторанттар және оқушылар (Қазақстан, Қытай, АҚШ, Канада, Түркия).