- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесін қолдау мақсатында «Green Technilogy» халықаралық жазғы мектебі ашылды.

Студенттік құрылыс жасағының негізгі мақсаты жазғы демалыс уақытында ҚазҰУ қалашығын жөндеу, тазалық, қалашықты көркейту, абаттандыру жұмыстары болса, СҚЖ сарбаздары бұл мақсаттың үдесінен шығып жүр.

Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық академиясы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі және Республикалық рейтинг Агенттігімен бірлесе отырып «Қазақстан 2050 – инновациялар және академиялық үстемдік жөнінде Ұлттық рейтингін жариялады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – заманауи білім, озық идеялар мен технологияларға негізделген ірі инновациялық, ғылыми білім беру орталығы. Ел Президенті Жолдауында қойылған әлемнің үздік ЖОО рейтінгісіне ену, инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми зерттеу нәтижесін өндіріске енгізу міндеттері университет үшін басты бағыт болып табылады.

Халықаралық Жазғы мектеп қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Гонконг политехникалық университеті Президенті Тимоти Тонг бастаған делегация келді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының директоры, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы ЮНЕСКО елшісі Криста Пиккатпен кездесуі болып өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті архиві және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп, тұңғыш ТМД елдері жас архившілерінің мектебін өткізді.

Студенттер тек жұмыспен ғана шектеліп қалмай, қоғамдық шараларға да белсене қатысуда. СҚЖ тарихында алғаш рет өткізіліп отырған «Студенттер құрылыс жасағы жазғы еңбек шымылдығын ашады» атты салтанатты ашылу кеші сөзімізге дәлел.

ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев Швейцариядағы елші, білім беру, ғылыми зерттеулер және инновация жөніндегі мемлекеттік хатшылықтың халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Мауро Моруцци бастаған швейцария делегациясымен кездесуі өтті.
Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Бір белдеу – бір жол» бойындағы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы» атты халықаралық форум өтті.