- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың 3 курс студенті Динара Жұмабаева 6-8 шілде аралығында ҚР Президенті сыйлығына арналған Әлем кубогы кезеңдерінің спорттық және жауынгерлік самбо бойынша жарыста жеңімпаз атанды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ғылым Қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілу шарттары бойынша түсіндіру семинары өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессор Зайнолла Самашевтың 70-жылдығына арналған «ҰЛЫ АЛТАЙ ЖОЛЫМЕН» археологиялық медиакеруені Шығыс Қазақстанда зерттеулер жүргізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ядролық физика институты және Жапония атом энергиясы агенттігінің бірлескен ынтымақтастығы негізінде жыл сайынғы атом өнеркәсіп саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курсының кезекті жиыны химия және химиялық технология факультетінде өтті.

ҚазҰУ-дың қоржынына үш медаль түсті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұрақты дамуы жөніндегі UNAI Ғаламдық Хабы, 10-шы Астана экономикалық форумының «Ақылды және тұрақты болашақ қалалары» сессия жұмысына өз үлесін қосты. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰДБ Қазақстан) дамуы бағдарламасы осы сессияны ұйымдастырып, Азия, Африка, Латын Америка сынды дамушы елдердегі урбанизация мәселелеріне баса назар аудартты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев ҚазҰУ-ға арнайы іссапармен келді.

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімі 9-11 сынып оқушыларына арналған «Жапон тілінің жазғы мектебін» ұйымдастырды.

Чэнду (Қытай) қаласында баскетболдан 3х3 18 жасқа дейінгі Әлем кубогы басталды. 2 шілдеге дейін жалғасатын жарысқа ұлдар мен қыздар санатынан 37 елден 20 команда қатысады.

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дің "Қазақ университеті" баспа үйінен жарық көріп келе жатқан "Өнегелі өмір" жобасы университет ректоры академик Ғ. Мұтановтың бастамасымен қолға алынған жобалардың бірі. Дәстүрлі шығарылымның бұл жолғы 113 саны белгілі мемлекет және қоғам қайраткері ақын, драматург Нұрлан Оразалинге арналады.