- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновке ҚазҰУ қалашығы құрылысының ΙI даму кезеңі жайлы мәлімет беріп, жатақхана, оқу корпустары мен қызметтік тұрғын үйлер жобаларымен таныстырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Әл-Фараби кітапханасында болып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов ҚазҰУ-дың Процестік инновациялар орталығының жұмысымен танысты.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жұмыс сапары барысында Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығына барып, дәрілік препараттар әзірлейтін құрылғылармен танысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҚР премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен келді. Жұмыс тобы құрамында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және өзге де лауазымды тұлғалар болды.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №12 (1880) саны жарық көрді. Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Рамазан айында арнайы дастархан жайып, ораза тұтқан жандарға ауызашар берді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі Әлмира Құстыбаевамен Қазақстанда нейроғылымды дамыту мәселесін талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Қырғызстан халықаралық университеті» академиялық консорциумының президенті Арсен Айдаралиев және ректоры Елена Савченко бастаған делегациямен кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбай «АӨСШК - Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.