- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Бұдан 2 жылға жуық уақыт бұрын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бастамасымен Шығыстану факультетінде ТҮРКСОЙ кафедрасы ашылған болатын. Жақында осы кафедраның ең үздік студенттеріне Халықаралық түркі ұйымы (ТҮРКСОЙ) атынан игі дәстүрге айналған шәкіртақы арнайы табыс етілді.

2017 жылдың 8-9-ақпан күндері Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының басшылығымен "әл-Фараби" атындағы Қазақ ұлттық университетінде дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан республикасының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған "әл-Фараби" Республикалық олимпиадасының 1-кезеңі өтті.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Үкімімен Р. Сейсенбаев ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев пен Франция "Зерттеулер мен технологиялар" ұлттық агенттігінің Бас өкілі Кларис Анжельенің кездесуі өтті.

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қосылуы»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қосылуы» туралы дөнгелек үстел өткізілді. В. Самек, Қазақстандағы БҰҰ-ның қоғамдық ақпараттар департаментінің өкілі, Н. Бозтаев, «Полигон - 29 тамыз» қорының төрағасы қатысты.

«Керемет» қызмет көрсету орталығында имидждік киім және қайырымдылық дүкендері ашылды.

ҚазҰУ-да «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының есептеме конференциясы өтті.

ҚазҰУ-да Қазақстан жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігінде алға жылжыту мәселелеріне арналған семинар өтті.
ҚазҰУ кітапханасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шәркүл Таубаеваның «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген кітаптарының тұсаукесері өтті.

Жану мәселелері Институтының ғалымдары өздігінен таралатын жоғары температуралық синтезі режимінде кремнийді алудың жаңа технологиясын жасап шығарды.